Мәслихат-2026

ЕСІЛ ТЕМІРХАНҰЛЫ ШЕГЕН «ӘДІЛЕТ» партиясынан Іле аудандық  мәслихатының депутаттығына кандидат № 17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауылымыздың ең үлкен байлығы — жері де, байлығы да емес, ең алдымен, оның халқы. Туған елін қадірлейтін, адал еңбегімен елдің дамуына үлес қосып жүрген әрбір азаматтың еңбегі бағалануы керек. Өйткені ауылдың өркендеуі — осында тұратын әр отбасының әл-ауқатымен, әр тұрғынның тұрмыс сапасымен өлшенеді.
Менің басты мақсатым — ауылдың мәселесіне бейжай қарамай, тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, елді мекеніміздің дамуына нақты үлес қосу. Сапалы жол, таза ауызсу, тұрақты электр қуаты, қолжетімді әлеуметтік  қызмет,  жаңа жұмыс орындары мен жастарға жасалған мүмкіндік — халықтың күнделікті өмірінде сезілуі тиіс маңызды өзгерістер.

Депутаттық өкілеттігім аясында сіздердің мүдделеріңізді қорғауға, ұсыныстарыңызды тиісті орындарға жеткізуге және өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуге күш саламын.
Мен үшін халықпен ашық сөйлесу, әр тұрғынның пікірін тыңдау, айтылған сөзге берік болып, атқарылған іске жауап беру — басты ұстаным. Себебі сенім құр уәдемен емес, нақты іспен және жауапкершілікпен қалыптасады.
Жүкті жұмыла көтерсек, ауылымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала өсіруге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр тұрғынға әділ қарап, әр ауылдың тыныс-тіршілігі мен өзекті мәселелерін ескеру. Адал еңбекті бағалап, халықтың сенімін ақтау. Айтқан сөзіме берік болып, әрбір атқарған ісіме жауапкершілікпен қарау. Елмен етене байланыста болып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдау, мүддесін қорғау және ортақ мәселелердің шешімін табуға атсалысу — менің басты ұстанымым.
Сіздердің әрбір ұсыныс-пікірлеріңізге, тілектеріңіз бен сын-ескертпелеріңізге әрдайым ашықпын. Әрқайсыңызды мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің мән-жайын зерделеп, олардың шешілуіне ықпал ету үшін бар күш-жігерімді салуға дайынмын.

Сайлауға келіңіздер!

Маған дауыс беріңіздер!

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Шеген Есіл Темірханұлы, А. Тоқпанов ауылындағы №6 мектепті аяқтап, Алматы қаласында жоғары білім оқыдым. Мамандығым – халықаралық құқық. Менің өмірлік және кәсіби жолым қоғамдық ұйымдарда, мемлекеттік қызметте және құқық қорғау саласында еңбек етумен байланысты болды.
Қоғамдық ұйымдарда қызмет атқару арқылы халықтың мұң-мұқтажын тыңдауды, азаматтардың ұсыныстары мен бастамаларын қолдауды үйрендім. Мемлекеттік қызметте ел мүддесі үшін жұмыс істеудің, заңдылықты сақтаудың және әрбір іске жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндім. Ал құқық қорғау саласындағы тәжірибем заңға құрметпен қарауға, тәртіп пен әділдікті басшылыққа алуға үйретті.
Ауылдың дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы.
Мен өзімнің алдыма ауылымыздың әрбір тұрғынының өмір сүру сапасын нақты жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, экономиканы қолдау, сондай-ақ заң мен тәртіпті қамтамасыз етуді басты мақсат етіп қоямын. Біздің ауылымыздың әлеуеті зор, оны толық іске асыру үшін өңірдің нақты қажеттіліктеріне негізделген «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» атты нақты сайлауалды бағдарламасы қалыптастырылды.
Менің басты мақсатым – ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың талап-тілегін ескеріп, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету. Міндеттемелерімнің негізінде нақты міндеттер, нысандар мен мерзімдер жатыр. Олардың даму жоспарлары мен аудандық бюджетте ескерілуіне қол жеткізіп, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, тұрғындар алдында ашық есеп беремін. Мен үшін депутаттық қызмет – халықтың сенімін ақтау, ел мүддесіне адал қызмет ету және әрбір тұрғынның ұсынысы мен пікіріне құлақ асу.
Құрметпен, Есіл Шеген!

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ

 МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

Асқар Тоқпанов ауылындағы ауылішілік және ауылдар арасындағы жолдардың сапасын жақсарту мәселесін тиісті органдар алдында көтеру. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 9,9 км құрайтын Бірлік, Құлагер, Бейбітшілік, Атамекен, Наурызбай батыр, 2-ші өткел, 2-ші көше, 3-ші көше бұрылыстары және Сыпатаев көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету.

  1. ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ

 ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТУ

Тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, су құбырларын жаңарту және су тапшылығын азайту мәселелерін шешуге ықпал ету. Асқар Тоқпанов ауылындағы жаңа құрылыс аумақтарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 8 трансформаторлық қосалқы станцияны, ұзындығы шамамен 24 шақырым электр желілерін салу және көше жарықтандыру жүйесін орнату бойынша және аталған жобаның іске асырылуына ықпал ету.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ

КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру. Шаруаларға жеңілдетілген несие мен субсидия алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету. Ауыл еңбеккерлерінің табысын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасау.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Ауылда жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету. Шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету. Жастарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту. Жергілікті кәсіпкерлік пен өндірісті дамытуға атсалысу.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Асқар Тоқпанов ауылындағы жаңа құрылыс аумақтарына дәрігерлік амбулатория салуды. Ауыл тұрғындарының дәрігерге қаралу, зертханалық тексеру және дәрі-дәрмекпен қамту кезінде кездесетін қиындықтарын жинақтап, медициналық қызметтің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ұсыныстар беру.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелерін көтеру. Мектептер мен балабақшалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада жұмыс істеуіне ықпал ету. Жастардың шығармашылық, зияткерлік және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасау.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау. Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға және тиісті әлеуметтік көмек алуына ықпал ету.
Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғау. Қарт адамдар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін жақсартуға және тұрмыстық жағдайларын жеңілдетуге бағытталған бастамаларды қолдау.
Жас отбасыларға қолдау көрсету. Жас отбасыларды жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек алу және тұрғын үй мәселелерін шешу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға ықпал ету.
Әлеуметтік мәселелерді жүйелі шешу. Аманат ауылы тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін зерделеп, өзекті өтініштерді тиісті органдарға жеткізу және олардың шешілу барысын бақылауға атсалысу.
Балалардың әл-ауқатын арттыру. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға жағдай жасауға, олардың білім алуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және жан-жақты дамуына бағытталған жобаларды қолдау.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ауыл тұрғындарын тұрақты әрі сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару. Электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға қолайлы жағдай қалыптастыру. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

  1. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстарын қолдау. Қоқыс шығару және тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселелерін шешуге ықпал ету. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысу. Таза су мен қолайлы қоршаған ортаны сақтау мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау.
Әділет жолы – халыққа қызмет ету жолы!
Сіздің сеніміңіз – менің жауапкершілігім!
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!

 

Кандидаттардың үгіт-насихат

материалдары республикалық

бюджеттен қаржыландырылды

 

Кандидат в депутаты Илийского

 районного маслихата от партии

 «ӘДІЛЕТ»

ЕСИЛЬ ТЕМИРХАНУЛЫ ШЕГЕН

Одномандатный  территориальный

 избирательный округ №17

ДОРОГИЕ ЗЕМЛЯКИ!

Главное богатство нашего села — не земля и не материальные ресурсы, а прежде всего его жители. Труд каждого человека, который любит родной край и своим добросовестным трудом вносит вклад в его развитие, заслуживает уважения и признания. Ведь процветание села определяется благополучием каждой семьи и качеством жизни каждого жителя.

Моя главная цель — не оставаться равнодушным к проблемам родного села, учитывать потребности и пожелания жителей, вносить реальный вклад в развитие нашего населённого пункта. Качественные дороги, чистая питьевая вода, стабильное электроснабжение, доступные социальные услуги, новые рабочие места и возможности для молодёжи — всё это должно стать ощутимыми изменениями в повседневной жизни людей.

В рамках своих депутатских полномочий я намерен отстаивать ваши интересы, доводить ваши предложения до соответствующих государственных органов и прилагать все усилия для содействия решению актуальных проблем.

Мои главные принципы — открытый диалог с населением, внимание к мнению каждого жителя, верность своему слову и ответственность за результаты проделанной работы. Ведь доверие завоёвывается не пустыми обещаниями, а конкретными делами и ответственным отношением к своим обязательствам.

Объединив усилия, мы сможем сделать наше село комфортным местом для жизни, работы и воспитания детей!

МОИ ПРИНЦИПЫ

Справедливое отношение к каждому жителю, внимание к повседневной жизни и насущным проблемам каждого села. Уважение к честному труду и стремление оправдать доверие людей. Верность данному слову и ответственность за каждое принятое решение и совершённое действие.

Поддерживать постоянную связь с населением, внимательно выслушивать обращения и пожелания граждан, защищать их интересы и содействовать решению общих проблем — мои основные принципы.

Я всегда открыт для ваших предложений, пожеланий, замечаний и конструктивной критики. Готов внимательно выслушать каждого, всесторонне изучить поднятые вопросы и приложить максимум усилий для содействия их решению.

Приходите на выборы!

Голосуйте за меня

УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!

Я, Шеген Есиль Темирханулы, окончил школу №6 в селе А. Токпанова, после чего получил высшее образование в городе Алматы. По специальности я юрист-международник. Мой профессиональный и жизненный путь связан с работой в общественных организациях, на государственной службе и в правоохранительных органах.

Работа в общественных организациях научила меня внимательно относиться к проблемам людей, прислушиваться к их обращениям, поддерживать предложения и инициативы граждан. Государственная служба помогла осознать важность служения интересам общества, соблюдения законности и ответственного подхода к каждому делу. Опыт работы в правоохранительных органах укрепил мою приверженность закону, порядку и справедливости.

Развитие села начинается с решения вопросов, которые ежедневно волнуют его жителей. Это состояние дорог, качество питьевой воды, доступность медицинских и образовательных услуг, наличие рабочих мест и будущее наших детей.

Своей главной задачей я ставлю реальное повышение качества жизни каждого жителя нашего села, развитие инфраструктуры, поддержку экономики, а также обеспечение законности и правопорядка.

Наше село обладает значительным потенциалом. Для его полноценной реализации сформирована конкретная предвыборная программа партии «Әділет» на 2026–2031 годы «За справедливое будущее», основанная на реальных потребностях региона.

Моя главная цель — внести вклад в социально-экономическое развитие нашего села, повысить качество жизни населения, учитывать потребности и пожелания жителей, содействовать решению актуальных вопросов.

В основе моих обязательств лежат конкретные задачи, объекты и сроки их реализации. Я намерен добиваться включения соответствующих мероприятий в планы развития и районный бюджет, контролировать исполнение принятых решений и открыто отчитываться перед жителями о проделанной работе.

Для меня депутатская деятельность — это прежде всего возможность оправдать доверие народа, добросовестно служить интересам общества и прислушиваться к мнению и предложениям каждого жителя.

С уважением, Есиль Шеген!

КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА НА 2026–2031 ГОДЫ

  1. ДОРОГИ И ТРАНСПОРТ

Поднимать перед соответствующими государственными органами вопросы улучшения качества внутрисельских дорог и автомобильных дорог, соединяющих населённые пункты села Аскара Токпанова.

В частности, содействовать проведению работ по асфальтированию улиц Бирлик, Кулагер, Бейбитшилик, Атамекен, Наурызбай батыр, 2-го проезда, поворотов 2-й и 3-й улиц, а также улицы Сыпатаева общей протяжённостью 9,9 км.

  1. ИНЖЕНЕРНАЯ ИНФРАСТРУКТУРА И ЭЛЕКТРОСНАБЖЕНИЕ

Содействовать решению вопросов обеспечения населения качественной питьевой водой, модернизации водопроводных сетей и сокращения дефицита воды.

В целях обеспечения инженерной инфраструктурой районов новой застройки села Аскара Токпанова содействовать реализации проекта по строительству 8 трансформаторных подстанций, прокладке электрических сетей общей протяжённостью около 24 километров и установке системы уличного освещения

  1. ДОСТУПНОЕ КРЕДИТОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА

Содействовать расширению возможностей получения льготных кредитов сельскими жителями в рамках программы «Ауыл аманаты», развитию личных подсобных хозяйств, семейного предпринимательства и сельскохозяйственных кооперативов.

Оказывать поддержку развитию малого и среднего предпринимательства.

  1. ПОДДЕРЖКА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА

Содействовать повышению доступности мер государственной поддержки для сельскохозяйственных производителей.

Способствовать расширению возможностей получения фермерами льготных кредитов и субсидий.

Поддерживать инициативы, направленные на повышение доходов работников сельского хозяйства и создание новых рабочих мест.

  1. СОЗДАНИЕ НОВЫХ РАБОЧИХ МЕСТ И ПОВЫШЕНИЕ ДОХОДОВ СЕЛЬСКИХ ЖИТЕЛЕЙ

Содействовать созданию новых рабочих мест в сельской местности.

Поддерживать развитие малого и среднего бизнеса.

Расширять возможности трудоустройства молодёжи.

Содействовать развитию местного предпринимательства и производства.

  1. ДОСТУПНАЯ И КАЧЕСТВЕННАЯ МЕДИЦИНА

Содействовать строительству врачебной амбулатории в районах новой застройки села Аскара Токпанова.

Изучать и систематизировать проблемы, с которыми сталкиваются сельские жители при обращении за медицинской помощью, прохождении лабораторных исследований и обеспечении лекарственными препаратами.

Вносить предложения, направленные на повышение доступности и качества медицинских услуг.

  1. СОВРЕМЕННЫЕ ШКОЛЫ И БЛАГОПРИЯТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ ДЕТЕЙ

Поднимать вопросы укрепления материально-технической базы образовательных учреждений.

Содействовать созданию безопасных и комфортных условий в школах и детских садах.

Поддерживать инициативы, направленные на развитие творческих, интеллектуальных и спортивных способностей молодёжи.

Создавать условия для содержательного и полезного досуга детей и подростков.

  1. СОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ПОДДЕРЖКА СЕМЕЙ

Поддержка малообеспеченных и многодетных семей. Содействовать повышению доступности государственных мер поддержки для социально уязвимых категорий населения и оказанию им необходимой социальной помощи.

Защита пожилых людей и граждан с инвалидностью. Поддерживать инициативы, направленные на защиту прав и интересов пожилых людей и граждан с особыми потребностями, повышение доступности социальных услуг и улучшение условий их повседневной жизни.

Поддержка молодых семей. Содействовать информированию молодых семей о возможностях трудоустройства, получения социальной помощи и решения жилищных вопросов.

Системное решение социальных проблем. Изучать социальные проблемы жителей села Аманат, доводить актуальные обращения до соответствующих государственных органов и содействовать контролю за ходом их рассмотрения и решения.

Повышение благополучия детей. Поддерживать проекты, направленные на создание благоприятных условий для детей, нуждающихся в социальной поддержке, обеспечение доступа к образованию, организацию полезного досуга и всестороннее развитие.

  1. КАЧЕСТВЕННАЯ СВЯЗЬ И ИНТЕРНЕТ

Уделять особое внимание вопросам обеспечения сельских жителей стабильным и качественным интернетом.

Содействовать созданию удобных условий для использования электронных государственных услуг.

Поддерживать цифровизацию сельских учреждений и повышение доступности государственных услуг в электронном формате.

  1. ЧИСТЫЕ И БЛАГОУСТРОЕННЫЕ СЁЛА

Поддерживать мероприятия по озеленению и посадке деревьев в рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан».

Содействовать решению вопросов своевременного вывоза мусора и эффективного обращения с бытовыми отходами.

Принимать участие в организации мероприятий, направленных на формирование экологической культуры населения.

Держать на постоянном контроле вопросы сохранения чистоты воды и благоприятного состояния окружающей среды.

Путь справедливости — это путь служения народу!

Ваше доверие — моя ответственность!

Пусть наше единство будет крепким, а будущее — светлым!

Примечание: перевод выполнен в официально-публицистическом стиле с сохранением содержания и структуры оригинала. Перед публикацией рекомендуется сверить официальное русское написание ФИО кандидата и географических названий. В исходном тексте в разделе 8 упоминается село Аманат — это название сохранено без изменений.

Агитационные материалы

кандидатов финансируются из

 республиканского бюджета

Басқа жаңалықтар

Back to top button