ГАМЗЕ БАДРИЕВИЧ ГЕЙДАРОВ «ӘДІЛЕТ» партиясынан Іле аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат № 19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың басты байлығы – оның халқы. Туған жерін сүйетін, адал еңбек етіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын тұрғындар – ел дамуының негізі. М. Түймебаев ауылының өзіндік ерекшелігі мен шешімін қажет ететін мəселелері бар. Сондықтан ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту, тұрақты жұмыс орындарын ашуға ықпал ету жəне жастарға жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сапалы жолдар, жарықтандырылған көшелер, абаттандырылған қоғамдық орындар, қолжетімді əлеуметтік қызметтер мен қолайлы өмір сүру ортасы – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей əсер ететін мəселелер. Осы бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізіп, ауылдардың даму мəселелерін тиісті органдар алдында көтеруге басымдық беремін. Барлық мəселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындардың мүддесін қорғап, олардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, өзекті мəселелердің шешілуіне ықпал етуге дайынмын. Мен үшін құрғақ уəде емес, нақты іс пен жауапты жұмыс маңызды. Халықпен тұрақты байланыста болып, қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылауға жəне атқарылған жұмыстар туралы ашық ақпарат беруге күш саламын. Менің басты мақсатым – М. Түймебаев ауылында өмір сүруге, еңбек етуге жəне ұрпақ тəрбиелеуге қолайлы, көркейген əрі қауіпсіз мекендерге айналдыруға үлес қосу.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Əділдік пен теңдік – əр тұрғынның мəселесіне бейжай қарамай, барлығына бірдей құрметпен қарау. Адалдық пен жауапкершілік – қабылданған міндеттерге жауапкершілікпен қарап, атқарылған жұмыс үшін есеп беру. Ашықтық пен сенім – халықпен тұрақты байланыс орнатып, тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеру. Нақты нəтиже – ауылдардың өзекті мəселелерін көтеріп, олардың шешілуіне ықпал ету жəне орындалу барысын бақылау. Халық мүддесі – тұрғындардың əл-ауқатын арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға жəне ауылдардың тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды қолдау. Тұрғындардың ұсыныстары, тілектері мен сын-ескертпелеріне əрдайым ашықпын. Əрбір мəселені мұқият тыңдап, оның шешімін табу жолдарын қарастыруға жəне тиісті органдармен бірлесе жұмыс істеуге дайынмын. Бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ болса, ауылымыздың болашағын бірге жақсарта аламыз!
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЗАҢ МЕН ТƏРТІП – МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ
Жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітім мен жарақаттану жағдайларын азайту мақсатында қауіпті учаскелерді анықтап, жол белгілерін орнату жəне жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мəселелерін тиісті органдар алдында көтеру. «Сергек» жүйесінің бейнебақылау камераларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жəне техникалық ақауларды уақтылы жоюға ықпал ету. Учаскелік жəне патрульдік полиция инспекторларын бейнетіркегіштермен (бейнежетондармен) жарақтандыру деңгейін арттыру мəселесін көтеру. Мектептер мен балалар көп шоғырланатын орындар маңында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуге ықпал ету. Жол қозғалысы ережелерін сақтау мəдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық ісшараларды қолдау.
Қуатты өңірлер – қуатты ел!
- ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖƏНЕ КӨЛІК
ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ
Округ аумағынан Алматы қаласына қоғамдық көлік қатынасын реттеуге. М. Түймебаев ауылындағы жол кептелісін азайту бойынша жұмыстар ұйымдастыруға. М.Түймебаев ауылына қарасты саяжайларға кіре беріс жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге. Жол жөндеу жұмыстарының тиісті даму жоспарларына енгізіліп, бюджеттен қаржыландырылуына ықпал ету.
- ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР:
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖƏНЕ ТҮКШ
Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу – М. Түймебаев ауылы Клубная жəне Алматинская көшелері. Сонымен қатар Бөгенбай, Қарасай, Бурабай, Қабанбай, Құдыс, Қожамиярова жəне Рысқұлбекова көшелеріне асфальт төсеу мəселесін тиісті органдар алдында көтеру. Аталған көшелерді жөндеу жұмыстарының тиісті жоспарларға енгізілуіне, қаржыландырылуына жəне кезең-кезеңімен жүзеге асырылуына ықпал ету. Тұрғындарға қолайлы əрі қауіпсіз жол қатынасын қамтамасыз етуге күш салу. Ауыл тұрғындарын сапалы əрі тұрақты ауызсумен қамтамасыз ету мəселесін бақылауда ұстау. М.Түймебаев ауылындағы тозығы жеткен су құбырларын, сондай-ақ ауылдың жаңа құрылыс елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың дер кезінде жүргізілуіне;
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖƏНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Өндірістік аймақта инфрақұрылымды дамыту арқылы ірі инвесторларға қолайлы жағдай жасауға. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың табысын арттыруға арналған кешенді жұмыстар ұйымдастыруға.
- КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ
М. Түймебаев ауылының ішкі көшелерін жəне ауылға кіреберістегі облыстық маңызы бар автомобиль жолының екі жағалауын жарықтандыру мəселесін көтеріп, көше жарық шамдарын орнатуға ықпал ету. Елдімекендегі жарықтандырылмаған көшелерді кезең-кезеңімен жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға жəне түнгі уақытта қозғалысқа қолайлы жағдай жасауға атсалысу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ƏРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
М.Түймебаев ауылына дəрігерлік амбулатория салу, ауыл тұрғындарының дəрігерге қаралу, зертханалық тексеру жəне дəрі-дəрмекпен қамту кезінде кездесетін қиындықтарын жинақтап, медициналық қызметтің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ұсыныстар беру.
- ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ
КЕШЕНІН (ФОК) САЛУ
М.Түймебаев ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мəселесін көтеріп, жобаның тиісті жоспарларға енгізілуіне жəне қаржыландырылуына қол жеткізу. Балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасау.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің басты бағдарым!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтауға күш саламын!
Бірлікпен дамып, туған жерді бірге көркейтейік!
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Гейдаров Гамзе Бадриевич, 1980 жылғы 24 шілдеде Армения Республикасының Ереван қаласында дүниеге келдім. 1998 жылы Қазақ спорт жəне туризм академиясына «Бапкер» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2003 жылы аталған оқу орнын аяқтадым. Еңбек жолымды 2003 жылы «Мурат Рен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметінен бастадым. 2004–2008 жылдары Қазақстан күрдтерінің республикалық қоғамдық бірлестігі «Барбанг» қауымдастығының Жастар комитетінің төрағасы қызметін атқардым. 2008–2021 жылдары «Іле аудандық күрд этномəдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары қызметінде болдым. 2021–2024 жылдары осы қоғамдық бірлестіктің төрағасы қызметін атқардым. 2022 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесімін. 2024 жылдан бастап «RONAI» күрд этномəдени орталығының Алматы облысы бойынша төрағасы қызметін атқарып келемін. 2024–2026 жылдары Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары қызметін атқардым. Қоғамдық қызметтегі негізгі ұстанымдарым – қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау, азаматтық бірлікті дамыту жəне қоғам игілігіне бағытталған бастамаларды қолдау. Аудан қалай дамиды? Үлкен сөзден емес, күнделікті тіршіліктен басталады. Жол дұрыс болса, су таза болса, дəрігер мен мектеп қасымызда болса, сапалы қызметтер көрсетілсе, жұмысымыз болса – міне, нағыз даму осы. Мен, қай ауылда тұрса да, əр адам лайықты өмір сүруге тиіс деп санаймын. Мен үшін əділдік дегеніміз – осы. Сайлауалды бағдарламам «Əділет» партиясының негізгі құндылықтары – Əділеттілік, Заңдылық жəне Жауапкершілікке негізделген. Барлық бастамам нақты есеппен, нақты мерзіммен бекітілген. Олардың аудандық бюджетке енгізілуін жəне уақытылы орындалуын депутаттық бақылауыма аламын. Депутаттық жұмысымның нəтижесі – ауылдың көркеюі, халықтың əл-ауқатының артуы.
Құрметпен, Гамзе Гейдаров.
Кандидаттардың үгіт-насихат
материалдары республикалық
бюджеттен қаржыландырылды
Кандидат в депутаты
Илийского районного маслихата от
партии «ӘДІЛЕТ»
ГАМЗЕ БАДРИЕВИЧ ГЕЙДАРОВ
Одномандатный территориальный
избирательный округ №19
УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!
Главное богатство нашего района — его жители. Люди, которые любят родную землю, добросовестно трудятся и ответственно относятся к своему делу, являются основой развития нашего края.
Село М. Туймебаева имеет свои особенности и проблемы, требующие решения. Поэтому повышение качества жизни сельчан, улучшение инфраструктуры, содействие созданию постоянных рабочих мест и расширение возможностей для молодёжи считаю одними из важнейших задач.
Качественные дороги, освещённые улицы, благоустроенные общественные пространства, доступные социальные услуги и комфортная среда проживания — всё это напрямую влияет на повседневную жизнь людей.
Намерена уделять приоритетное внимание системной работе в этих направлениях и поднимать вопросы развития села перед соответствующими государственными органами.
Я понимаю, что решить все проблемы сразу невозможно. Тем не менее в рамках депутатских полномочий готов отстаивать интересы жителей, учитывать их предложения и обращения, содействовать решению наиболее актуальных вопросов.
Для меня важны не пустые обещания, а конкретные дела и ответственная работа. Буду стремиться поддерживать постоянную связь с населением, контролировать исполнение принятых решений и открыто информировать жителей о проделанной работе.
Моя главная цель — внести вклад в развитие села М. Туймебаева, чтобы оно стало благоустроенным, безопасным и комфортным местом для жизни, работы и воспитания детей.
МОИ ПРИНЦИПЫ
Справедливость и равенство — внимательно относиться к проблемам каждого жителя и проявлять одинаковое уважение ко всем.
Честность и ответственность — добросовестно выполнять взятые на себя обязательства и отчитываться о проделанной работе.
Открытость и доверие — поддерживать постоянную связь с населением, учитывать предложения и мнения жителей.
Конкретный результат — поднимать актуальные проблемы села, содействовать их решению и контролировать ход выполнения намеченных задач.
Интересы населения — поддерживать инициативы, направленные на повышение благосостояния жителей, улучшение инфраструктуры и устойчивое развитие села.
Я всегда открыт для ваших предложений, пожеланий и конструктивной критики. Готов внимательно выслушать каждого, рассмотреть возможные пути решения возникающих проблем и совместно с соответствующими органами работать над их устранением.
Если мы будем едины в своих стремлениях и целях, то сможем вместе сделать будущее нашего села лучше!
КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА
НА 2026–2031 ГОДЫ
- ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА ГОСУДАРСТВА
В целях снижения смертности и травматизма в дорожно-транспортных происшествиях поднимать перед уполномоченными органами вопросы выявления опасных участков дорог, установки дорожных знаков и усиления мер по обеспечению безопасности дорожного движения.
Содействовать обеспечению бесперебойной работы камер видеонаблюдения системы «Сергек» и своевременному устранению технических неисправностей.
Поднимать вопрос о повышении уровня оснащённости участковых и патрульных инспекторов полиции персональными видеорегистраторами (видеожетонами).
Содействовать усилению мер по обеспечению безопасности пешеходов вблизи школ и мест массового пребывания детей.
Поддерживать профилактические мероприятия, направленные на повышение культуры соблюдения правил дорожного движения.
Сильные регионы — сильная страна!
- РЕМОНТ ДОРОГ И УЛУЧШЕНИЕ ТРАНСПОРТНОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ
Содействовать упорядочению движения общественного транспорта между территорией избирательного округа и городом Алматы.
Добиваться организации мероприятий по снижению транспортных заторов в селе М. Туймебаева.
Содействовать проведению ремонтных работ на подъездных дорогах к дачным массивам, относящимся к селу М. Туймебаева.
Добиваться включения дорожных ремонтных работ в соответствующие планы развития и выделения бюджетного финансирования.
- СИЛЬНЫЕ РЕГИОНЫ: ИНФРАСТРУКТУРА И ЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЕ ХОЗЯЙСТВО
Содействовать ремонту кровель многоквартирных жилых домов на улицах Клубная и Алматинская в селе М. Туймебаева.
Поднимать перед соответствующими органами вопросы асфальтирования улиц Богенбай, Карасай, Бурабай, Кабанбай, Кудыс, Кожамиярова и Рыскулбекова.
Добиваться включения ремонтных работ на указанных улицах в соответствующие планы, обеспечения финансирования и поэтапной реализации проектов.
Прилагать усилия для создания комфортных и безопасных условий передвижения жителей.
Держать на постоянном контроле вопросы обеспечения сельского населения качественной питьевой водой и её бесперебойной подачи.
Содействовать своевременному проведению работ по замене изношенных водопроводных сетей в селе М. Туймебаева, а также обеспечению питьевой водой района новой застройки.
- НОВЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА И ПОВЫШЕНИЕ
ДОХОДОВ СЕЛЬСКИХ ЖИТЕЛЕЙ
Содействовать созданию благоприятных условий для крупных инвесторов путём развития инфраструктуры производственной зоны.
Поддерживать организацию комплексных мероприятий, направленных на повышение доходов жителей, чей уровень дохода ниже прожиточного минимума.
- УЛИЧНОЕ ОСВЕЩЕНИЕ
Поднимать вопрос освещения внутренних улиц села М. Туймебаева, а также обеих сторон автомобильной дороги областного значения на въезде в село, содействовать установке уличных светильников.
Способствовать поэтапному проведению работ по освещению улиц, где отсутствует наружное освещение, повышению безопасности жителей и созданию комфортных условий для передвижения в тёмное время суток.
- ДОСТУПНАЯ И КАЧЕСТВЕННАЯ МЕДИЦИНА
Добиваться строительства врачебной амбулатории в селе М. Туймебаева.
Изучать и систематизировать обращения жителей, связанные с трудностями при посещении врачей, прохождении лабораторных исследований и обеспечении лекарственными препаратами.
Вносить предложения, направленные на повышение доступности и качества медицинского обслуживания сельского населения.
- СТРОИТЕЛЬСТВО ФИЗКУЛЬТУРНО-
ОЗДОРОВИТЕЛЬНОГО КОМПЛЕКСА (ФОК)
Поднимать вопрос строительства современного физкультурно-оздоровительного комплекса в селе М. Туймебаева, добиваться включения проекта в соответствующие планы развития и выделения необходимого финансирования.
Создавать благоприятные условия для регулярных занятий спортом детей и молодёжи.
Ваше мнение — мой главный ориентир!
Приложу все усилия, чтобы оправдать ваше доверие честным трудом!
Развиваясь в единстве, вместе сделаем родной край лучше!
УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!
Я, Гейдаров Гамзе Бадриевич, родился 24 июля 1980 года в городе Ереване Республики Армения.
В 1998 году поступил в Казахскую академию спорта и туризма по специальности «Тренер», которую окончил в 2003 году.
Свою трудовую деятельность начал в 2003 году в должности генерального директора товарищества с ограниченной ответственностью «Мурат Рен».
С 2004 по 2008 год занимал должность председателя Молодёжного комитета Ассоциации «Барбанг» — республиканского общественного объединения курдов Казахстана.
В 2008–2021 годах являлся заместителем председателя общественного объединения «Илийский районный курдский этнокультурный центр».
С 2021 по 2024 год возглавлял данное общественное объединение.
С 2022 года являюсь членом Ассамблеи народа Казахстана.
С 2024 года занимаю должность председателя курдского этнокультурного центра «RONAI» по Алматинской области.
В 2024–2026 годах исполнял обязанности заместителя председателя Ассамблеи народа Казахстана Алматинской области на общественных началах.
Главные принципы моей общественной деятельности – укрепление общественного согласия, сохранение межэтнического мира, развитие гражданского единства и поддержка инициатив, направленных на благо общества.
С чего начинается развитие района?
Не с громких слов, а с решения повседневных проблем людей.
Хорошие дороги, чистая питьевая вода, доступные школы и медицинские учреждения, качественные услуги и стабильная работа – именно в этом заключается настоящее развитие.
Я убеждён, что каждый человек, независимо от того, в каком селе он живёт, имеет право на достойные условия жизни. Для меня именно в этом заключается справедливость.
Моя предвыборная программа основана на ключевых ценностях партии «ӘДІЛЕТ» – справедливости, законности и ответственности.
Все мои инициативы подкреплены конкретными расчётами и сроками реализации.
Я намерен добиваться их включения в районный бюджет и осуществлять депутатский контроль за своевременным исполнением намеченных мероприятий.
Главный результат моей депутатской деятельности – благоустройство родного села и повышение благосостояния его жителей.
С уважением, Гамзе Гейдаров.
Агитационные материалы
кандидатов финансируются из
республиканского бюджета



