АЛМАСБЕК ҚОЖАБЕКҰЛЫ САТИБАЕВ «ӘДІЛЕТ» партиясынан Іле аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат №23 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауылдың өркендеуі – халықтың әл-ауқатының көрсеткіші. Әр отбасының тыныштығы, әр баланың жарқын болашағы, әр тұрғынның лайықты өмір сүруі – біздің басты мұратымыз!
Мен үшін депутат болу – мәртебе емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Бұл – ел сенімін ақтау, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ асу және ауылдың дамуына кедергі келтіріп отырған өзекті мәселелердің шешілуіне табандылықпен ықпал ету.
Ауылдың көркеюі бір күнде жүзеге аспайды. Ол жүйелі жұмысты, ортақ жауапкершілікті және халықпен тұрақты байланысты талап етеді. Осы бағытта тұрғындармен бірлесе әрекет етіп, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлік пен жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдауды маңызды міндетім деп білемін.
Менің мақсатым – қызметтің биігін емес, нақты нәтижесін көрсету. Өйткені халық сенімі сөзбен емес, іспен ақталады. Жүкті жұмыла көтерсек, ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және ұрпақ тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Менің басты ұстанымым – халыққа жақын болу, сөзден іске көшу және әрбір шешімде адам мүддесін бірінші орынға қою.
Тұрғындармен ашық пікір алмасып, ауыл халқының мүддесін қорғау – негізгі міндеттерімнің бірі.
Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз бен сын-ескертпелеріңізге әрдайым құлақ асуға дайынмын. Әрбір мәселені мұқият зерделеп, оның оң шешімін табуға бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы, Панфилов ауданының Алтыүй ауылында туып-өстім. Мамандығым – дәрігер, заңгер. Еңбек жолымның 27 жылы Алматы қаласының экологиясы мен тазалығын қамтамасыз ету саласымен байланысты. Соңғы 10 жыл бойы ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс істеп келемін.
Ауыл халқымен етене араласу тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді терең түсінуге және оларды шешудің тиімді жолдарын іздеуге мүмкіндік берді.
Әрбір елді мекеннің өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, лайықты өмір сүруіне жағдай жасау – басты назарда болуы тиіс.
Мен үшін ең маңызды құндылықтар – жауапкершілік, әділдік, адамгершілік және тұрақтылық.
Басты назарымда ауылдық елді мекендерде қордаланған мәселелерді шешу, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту, жастарды қолдау және ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, қолөнердің өркендеуіне жағдай жасау міндеттері тұр.
Осы бағыттағы бастамалардың жүзеге асуына, даму жоспарларына қажетті бюджет қаражатының бөлінуіне ықпал етуді, сондай-ақ тұрғындармен тұрақты әрі ашық байланыс орнатуды негізгі міндеттерімнің бірі ретінде қарастырамын.
Мен үшін депутаттық қызметтің басты нәтижесі – халық алдында берген уәденің нақты әрі уақытылы орындалуы.
Құрметпен, Алмасбек Сатибаев
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
2027 жылы Көкқайнар ауылындағы көшелерді жөндеу жұмыстарының жүзеге асуына қол жеткізу.
Ауыл тұрғындарының аудан орталығымен, өзге елді мекендермен және Алматы қаласымен тұрақты қоғамдық көлік қатынасын қамтамасыз етуге ықпал ету.
- СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, КОММУНАЛДЫҚ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Көкқайнар ауылы мен Жаңа құрылыс елдімекендеріндегі көшелерді жарықтандыру мәселесін шешуге, сондай-ақ саяжайлардағы трансформаторлық станцияларды мемлекет меншігіне өткізуге жәрдемдесу.
Ауыл ішіндегі тозығы жеткен инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету.
Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру жүйесін кеңейтуге басымдық беру.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ
КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында тұрғындарға жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу.
Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде олардың мүддесін қорғау.
Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылық иелерінің өнімдерін сатуға арналған арнайы жабдықталған сауда алаңдарын ұйымдастыруға қол жеткізу.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуына қолдау көрсету.
Ауыл жастарын тұрақты жұмыспен қамтуға және олардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.
Жас кәсіпкерлерді қолдауға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуына жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларында айқындалған басым бағыттарды басшылыққа ала отырып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға және шалғай елді мекендердегі тұрғындардың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.
«Дипломмен ауылға» жобасын және өзге де мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалану арқылы ауылдық жерлерге білікті медицина мамандарын тартуға жәрдемдесу.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ
БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Көкқайнар ауылындағы орта мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және білім беру ұйымдарына апаратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салу.
Балалар ойын алаңдарын, спорт нысандарын және шағын футбол алаңдарын салу мен дамытуға ықпал ету.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ
ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдардың, балалы отбасылардың және мүгедектігі бар азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға күш салу.
Әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және олардың қажеттіліктеріне бағытталған мамандандырылған әлеуметтік орталықтардың ашылуына ықпал ету.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ саяжайлар мен елді мекендерді байланыс желілерімен қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу.
Ауылдық мекемелерді цифрландыруға және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға қолдау көрсету.
Ауыл мектептерін сапалы әрі жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге ықпал ету.
- ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Көкқайнар ауылы мен саяжайлардың көшелерін абаттандыруға, тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіруге, елді мекендерді көгалдандыруға және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға ықпал ету.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын ауылдар мен саяжай тұрғындары арасында кеңінен насихаттап, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.
«Ауылды дамыту – бүкіл Қазақстанның болашағын қамтамасыз ету!»
Кандидаттардың үгіт-насихат
материалдары республикалық
бюджеттен қаржыландырылды
АЛМАСБЕК КОЖАБЕКУЛЫ САТИБАЕВ
Кандидат в депутаты Илийского
районного маслихата
от партии «ӘДІЛЕТ»
Одномандатный территориальный
избирательный округ №23
ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА НА 2026–2031 ГОДЫ
УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!
Развитие села – это показатель благополучия его жителей. Спокойствие каждой семьи, светлое будущее каждого ребёнка и достойные условия жизни для каждого человека – вот наши главные приоритеты!
Для меня быть депутатом – не привилегия, а прежде всего большая ответственность перед людьми. Это обязанность оправдать доверие избирателей, слышать проблемы и чаяния жителей, последовательно добиваться решения насущных вопросов, сдерживающих развитие наших населённых пунктов.
Развитие и благоустройство сёл невозможно обеспечить за один день. Для этого необходимы системная работа, общая ответственность и постоянный диалог с населением. Считаю своей важной задачей совместно с жителями содействовать улучшению социальной сферы, развитию инфраструктуры, поддержке предпринимательства и расширению возможностей для трудоустройства.
Моя цель – не демонстрировать статус занимаемой должности, а добиваться конкретных результатов. Ведь доверие народа оправдывается не словами, а делами. Убеждён, что общими усилиями мы сможем сделать наш район комфортным местом для жизни, работы и воспитания детей!
МОИ ПРИНЦИПЫ
Мой главный принцип – быть ближе к людям, переходить от слов к конкретным делам и ставить интересы человека во главу каждого решения.
Открытый диалог с населением и защита интересов жителей сельских населённых пунктов – одни из моих основных приоритетов.
Я всегда готов выслушать ваши предложения, пожелания и конструктивную критику. Намерен внимательно изучать каждое обращение и прилагать все усилия для поиска эффективных решений.
Приходите на выборы! Отдайте свой голос за меня!
УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!
Я, Сатибаев Алмасбек Кожабекулы, родился и вырос в селе Алты-уй Панфиловского района. По образованию – врач и юрист. На протяжении 27 лет моя трудовая деятельность была связана со сферой экологии и обеспечения чистоты города Алматы. Последние 10 лет я тесно взаимодействую с жителями сельских населённых пунктов.
Непосредственное общение с сельчанами позволило мне глубже понять волнующие их вопросы, изучить существующие проблемы и определить возможные пути их решения.
Каждый населённый пункт имеет свои особенности и потребности. Поэтому повышение качества жизни населения и создание достойных условий для каждого жителя должны оставаться в центре внимания.
Главными жизненными ценностями для меня являются ответственность, справедливость, человечность и стабильность.
Особое внимание намерен уделять решению накопившихся проблем сельских населённых пунктов, созданию новых рабочих мест, развитию сельского хозяйства, поддержке молодёжи, а также сохранению национальных ценностей и возрождению традиционных ремёсел.
Считаю одной из своих основных задач содействие реализации значимых для населения инициатив, выделению необходимых бюджетных средств на выполнение планов развития, а также обеспечение постоянного и открытого взаимодействия с жителями.
Для меня главный показатель эффективности депутатской деятельности – конкретное и своевременное выполнение обязательств, взятых перед избирателями.
С уважением, Алмасбек Сатибаев
КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА
НА 2026–2031 ГОДЫ
1. ДОРОГИ И ТРАНСПОРТ
Добиваться проведения ремонтных работ на улицах села Коккайнар в 2027 году.
Содействовать обеспечению стабильного и регулярного транспортного сообщения между сельскими населёнными пунктами, районным центром и городом Алматы
- ВОДОСНАБЖЕНИЕ, ЭЛЕКТРОСНАБЖЕНИЕ И КОММУНАЛЬНАЯ ИНФРАСТРУКТУРА
Содействовать решению вопросов уличного освещения в селе Коккайнар и населённых пунктах Жана Курылыс, а также передаче трансформаторных подстанций, расположенных в дачных массивах, в государственную собственность.
Добиваться проведения ремонтных работ на изношенных инженерных сетях внутри населённых пунктов.
Уделять приоритетное внимание обеспечению бесперебойного электроснабжения сельских населённых пунктов и расширению сети уличного освещения.
- ДОСТУПНОЕ КРЕДИТОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА
Содействовать расширению возможностей льготного кредитования сельских жителей в рамках программы «Ауыл аманаты», развитию личных подсобных хозяйств, семейного предпринимательства и сельскохозяйственных кооперативов.
Способствовать повышению доступности государственных мер поддержки для жителей района.
- ПОДДЕРЖКА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА
Защищать интересы сельских жителей в вопросах обеспечения пастбищными угодьями, развития ветеринарной инфраструктуры и повышения доступности услуг в сфере сельского хозяйства.
Добиваться организации специально оборудованных торговых площадок для реализации продукции местных фермеров и владельцев личных подсобных хозяйств.
- СОЗДАНИЕ НОВЫХ РАБОЧИХ МЕСТ И
ПОВЫШЕНИЕ ДОХОДОВ СЕЛЬСКИХ ЖИТЕЛЕЙ
Поддерживать создание новых постоянных рабочих мест за счёт развития малого предпринимательства и привлечения инвестиций.
Содействовать трудоустройству сельской молодёжи и расширению возможностей для её профессионального развития.
Способствовать эффективному и целевому использованию государственных средств, выделяемых на поддержку молодых предпринимателей.
Руководствуясь приоритетными направлениями, обозначенными в Посланиях Президента Республики Казахстан, вносить вклад в социально-экономическое развитие сельских населённых пунктов.
- ДОСТУПНАЯ И
КАЧЕСТВЕННАЯ МЕДИЦИНА
Содействовать укреплению материально-технической базы сельских врачебных амбулаторий, повышению качества медицинского обслуживания и обеспечению доступности медицинской помощи для жителей отдалённых населённых пунктов.
Способствовать привлечению квалифицированных медицинских специалистов в сельскую местность с использованием возможностей проекта «С дипломом – в село!» и других механизмов государственной поддержки.
- СОВРЕМЕННЫЕ ШКОЛЫ И КОМФОРТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ ДЕТЕЙ
Прилагать усилия для улучшения материально-технического оснащения средней школы села Коккайнар и обеспечения безопасности дорог, ведущих к образовательным учреждениям.
Содействовать строительству и развитию детских игровых площадок, спортивных объектов и мини-футбольных полей.
- СОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ПОДДЕРЖКА СЕМЕЙ
Добиваться повышения доступности государственных социальных услуг для пожилых людей, семей с детьми и граждан с инвалидностью.
Содействовать улучшению условий жизни социально уязвимых категорий населения и открытию специализированных социальных центров, ориентированных на их потребности.
- КАЧЕСТВЕННАЯ МОБИЛЬНАЯ СВЯЗЬ И ИНТЕРНЕТ
Добиваться улучшения качества мобильной связи и интернета, а также расширения зоны покрытия сетями связи дачных массивов и сельских населённых пунктов.
Поддерживать цифровизацию сельских учреждений и повышение доступности электронных государственных услуг.
Содействовать обеспечению сельских школ качественным высокоскоростным интернетом.
- ЧИСТЫЕ И БЛАГОУСТРОЕННЫЕ СЁЛА
В рамках инициативы «Таза Қазақстан» содействовать благоустройству улиц села Коккайнар и дачных массивов, совершенствованию системы сбора и вывоза бытовых отходов, озеленению населённых пунктов и созданию комфортных общественных пространств.
Способствовать широкому продвижению общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» среди жителей сёл и дачных массивов, формированию культуры бережного отношения к окружающей среде и поддержания чистоты.
«Развитие села – залог благополучного будущего всего Казахстана!»
Агитационные материалы
кандидатов финансируются из
республиканского бюджета



