Мәслихат-2026

НҰРЖАУБАЙ СӘКЕН БАҚЫТҰЛЫ Өзін-өзі ұсыну тәртібімен Іле аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті боралдайлықтар!

Мен, Нұржаубай Сәкен Бақытұлы, 1980 жылғы 22 қыркүйекте Алматы облысының Іле ауданында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. Білімім – жоғары. Қазіргі уақытта «Әлихан» жеке кәсіпкерлігінің басшысы ретінде еңбек етіп келемін.

Өмірім мен еңбек жолым туған ауданыммен байланысты. Жеке кәсіпкерлікпен айналысу барысында адамдардың күнделікті сұранысын, қызмет көрсету сапасының маңызын, жұмысты ұйымдастыру мен қабылданған шешім үшін жауап берудің қажеттілігін түсіндім.

Боралдай – тарихы терең, тұрғындары көп, экономикалық мүмкіндігі жоғары кент. Алайда халық саны мен құрылыс көлемінің артуы инфрақұрылымға түсетін салмақты да көбейтеді. Кенттің бір бөлігінде инженерлік желілер жаңартылып жатса, басқа аумақта жол, жарық немесе қоғамдық көлік мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр.

Мұндай жағдайда жекелеген жұмыстармен шектелу жеткіліксіз. Елді мекеннің дамуы өзара байланысты, нақты жоспарланған және сапалы орындалған жобаларға негізделуі тиіс.

Мен депутаттыққа осы мәселелерді жүйелі көтеру, тұрғындардың мүддесін қорғау және басталған жұмыстардың нәтижелі аяқталуына атсалысу мақсатында түсіп отырмын.

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ – ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ РЕТКЕ КЕЛТІРУ

Су құбыры мен кәріз жүйесін жаңарту – кент үшін маңызды міндет. Бірақ құрылыс жұмыстары ұзаққа созылып, қазылған көшелер уақытылы қалпына келтірілмесе, тұрғындарға қосымша қиындық туындайды.

Менің ұстанымым – инженерлік желілердің құрылысы мен жол жөндеу жұмыстары бір-бірімен үйлестірілуі керек.

Осы мақсатта жүргізіліп жатқан жобалардың орындалу мерзімін, мердігерлердің міндеттемелерін және қалпына келтіру жұмыстарының сапасын назарда ұстауға атсалысамын.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесінің ақаулары және коммуналдық қызмет сапасына қатысты тұрғындардың шағымдарын тиісті мекемелерге жеткіземін.

Әсіресе жөндеу аяқталғаннан кейін көшелердің бұрынғы қалпына келтірілуі мен қауіпсіз пайдалануға берілуі маңызды.

ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕ САН ЕМЕС,

САПА МАҢЫЗДЫ

Кентішілік жолдардың тозуы, жөндеу кезінде қозғалыстың қиындауы және жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туындауы – тұрғындарды алаңдататын мәселелер.

Жол жөндеу жоспарын жасағанда тұрғындар көп қатынайтын бағыттар, мектептерге баратын көшелер және қоғамдық көлік жүретін учаскелер ескерілуі тиіс.

Жөндеуді қажет ететін жолдарды басымдық бойынша қарастыруға, бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын талқылауға және орындалған жұмыстың сапасын бақылауға ықпал етемін.

Құрылыс жүргізілетін аумақтарда қауіпсіз өткелдер мен уақытша қозғалыс бағыттарын ұйымдастыру мәселесін де көтеремін.

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК – ХАЛЫҚҚА ҚАЖЕТ ҚЫЗМЕТ

Халқы көп кентте қоғамдық көлік қатынасының қолайсыздығы мыңдаған адамның күнделікті тіршілігіне әсер етеді.

Әсіресе мектепке, емханаға, жұмысқа және әлеуметтік нысандарға қатынайтын тұрғындар үшін кентішілік бағыттардың қолжетімді болуы маңызды.

Қоғамдық көлік желісін кеңейту, жаңа бағыттардың қажеттілігін зерделеу, аялдамалардың жағдайын жақсарту және қозғалыс кестесін тұрғындардың сұранысына бейімдеу мәселелерін көтеремін.

Бұл бағытта жауапты басқармалармен және тасымалдаушы ұйымдармен бірлескен шешімдерді қарастыруға атсалысамын.

ЭЛЕКТР ҚУАТЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІК –

КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛМАЙТЫН МӘСЕЛЕ

Электр желілеріне түсетін жүктеменің артуы, трансформаторлардың жағдайы және жарықтың үзілуіне қатысты шағымдар жүйелі назар аударуды қажет етеді.

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының орындалуын қадағалау, ақаулы желілер мен қосалқы станцияларға қатысты мәселелерді көтеру маңызды

Көшелерді жарықтандыру, мектеп маңындағы жол қауіпсіздігі, бейнебақылау және қоғамдық тәртіп мәселелеріне де назар аударамын.

Полиция қызметінің қолжетімділігіне қатысты тұрғындар көтерген ұсыныстарды құзыретті органдарға жеткізуге дайынмын.

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ХАЛЫҚ

 САНЫНА САЙ БОЛУЫ ТИІС

Тұрғындар саны өскен сайын мектептерге, балабақшаларға және медициналық мекемелерге түсетін жүктеме артады.

Білім беру орындарының қажеттіліктерін, балалардың қауіпсіздігін және қосымша білім алу мүмкіндіктерін назарда ұстаймын.

Медициналық қызметтің қолжетімділігі, жедел жәрдем қызметінің жеткіліктілігі және емдеу мекемелеріндегі жағдай бойынша ұсыныстарды аудандық деңгейде көтеруге атсалысамын.

Балаларға арналған спорт алаңдарын, демалыс орындарын және мәдени нысандарды дамыту бастамаларын қолдаймын.

КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

Кенттің экономикалық әлеуеті жергілікті кәсіпорындардың, сауда және қызмет көрсету нысандарының дамуымен тығыз байланысты.

Кәсіпкер ретінде шағын бизнестің жұмыс орындарын қалыптастырудағы маңызын жақсы түсінемін.

Жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдап, инфрақұрылымға, қызмет көрсетуге және кәсіп жүргізуге қатысты мәселелерді тиісті органдар алдында көтеремін.

Жастарды кәсіптік оқыту, жұмысқа орналастыру және мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттандыру бастамаларына қолдау көрсетемін.

МЕНІҢ БАСТАМАМ – «БОРАЛДАЙ:

ЖОБАДАН НӘТИЖЕГЕ»

Кентте қолға алынған әрбір инфрақұрылымдық жоба тұрғындардың нақты қажеттілігіне жауап беруі тиіс.

Сондықтан маңызды жобалардың орындалу барысын тұрғындармен бірге талқылау, олардың мерзімі мен сапасына қатысты ақпараттың ашық болуына ықпал етуді ұсынамын.

Бастама аясында су, кәріз, жол, электр және қоғамдық көлік мәселелері бойынша тұрғындардың ұсыныстарын жүйелеп, жауапты мекемелермен жұмыс жүргізуге күш саламын

Жергілікті бюджет пен даму бағдарламалары талқыланған кезде кенттің басым қажеттіліктерін көтеріп, депутаттық өкілеттігім аясында олардың орындалуын бақылауға атсалысамын.

Мен үшін маңыздысы – жобаның қағаз жүзінде орындалуы емес, тұрғындардың оның нәтижесін күнделікті өмірінде сезінуі.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Боралдайдың әлеуеті зор. Бірақ үлкен елді мекенге үлкен жауапкершілік те қажет.

Менің басты ұстанымым – мәселені уақытша шешумен шектелмей, оның қайталануына жол бермейтін жүйелі жұмысқа ықпал ету.

Кәсіпкерлік тәжірибемді, ұйымдастырушылық қабілетімді және туған жерге деген жауапкершілігімді осы мақсатқа бағыттауға дайынмын.

Боралдайға – жүйелі даму, тұрғындарға – нақты нәтиже!

Құрметпен, Нұржаубай Сәкен Бақытұлы

 

Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары республикалық

бюджеттен қаржыландырылды

 

НУРЖАУБАЕВ САКЕН БАХИТОВИЧ

Кандидат в депутаты Илийского

районного маслихата

в порядке самовыдвижения
Одномандатный территориальный

избирательный округ №3

УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ БОРАЛДАЯ!

Я, Нуржаубаев Сакен Бахитович, родился 22 сентября 1980 года в Илийском районе Алматинской области. Являюсь гражданином Республики Казахстан. Имею высшее образование. В настоящее время занимаюсь предпринимательской деятельностью, возглавляю ИП «Алихан».

Моя жизнь и трудовая деятельность связаны с родным районом. Занимаясь предпринимательством, я понял значение повседневных потребностей людей, качества услуг, грамотной организации работы и ответственности за принятые решения.

Боралдай – крупный населённый пункт с богатой историей, значительным населением и экономическим потенциалом. Однако рост населения и масштабов строительства увеличивает нагрузку на инфраструктуру. Пока в одной части посёлка обновляются инженерные сети, в другой остаются актуальными вопросы дорог, освещения и общественного транспорта.

В таких условиях отдельных мероприятий недостаточно. Развитие населённого пункта должно основываться на взаимосвязанных, тщательно спланированных и качественно реализованных проектах.

Я выдвигаю свою кандидатуру, чтобы последовательно поднимать эти вопросы, защищать интересы жителей и содействовать результативному завершению начатых работ.

ПЕРВООЧЕРЕДНАЯ ЗАДАЧА –

ПРИВЕСТИ В ПОРЯДОК ИНЖЕНЕРНЫЕ СЕТИ

Модернизация водопровода и канализации – важная задача для посёлка. Но когда строительные работы затягиваются, а вскрытые дороги своевременно не восстанавливаются, жители сталкиваются с дополнительными трудностями.

Мой принцип – строительство инженерных сетей и ремонт дорог должны быть согласованы между собой.

В этих целях намерен содействовать контролю сроков реализации проектов, обязательств подрядчиков и качества восстановительных работ.

Обращения жителей по вопросам водоснабжения, неисправностей канализации и качества коммунальных услуг буду доводить до соответствующих организаций.

Особенно важно, чтобы после завершения ремонта улицы восстанавливались и становились безопасными для использования.

В РЕМОНТЕ ДОРОГ ВАЖНО НЕ

 КОЛИЧЕСТВО, А КАЧЕСТВО

Изношенные внутрипоселковые дороги, затруднения движения во время ремонта и неудобства для пешеходов вызывают обоснованную обеспокоенность населения.

При составлении планов ремонта необходимо учитывать наиболее востребованные маршруты, улицы, ведущие к школам, и участки движения общественного транспорта.

Буду содействовать определению приоритетных дорог, обсуждению эффективного использования выделенных средств и контролю качества выполненных работ.

Также намерен поднимать вопросы организации безопасных проходов и временных маршрутов движения на участках строительства.

ОБЩЕСТВЕННЫЙ ТРАНСПОРТ –

 НЕОБХОДИМАЯ УСЛУГА

В крупном посёлке неудобное транспортное сообщение влияет на повседневную жизнь тысяч людей.

Особенно важна доступность внутрипоселковых маршрутов для жителей, которые ежедневно добираются до школ, поликлиник, рабочих мест и социальных объектов.

Намерен поднимать вопросы расширения транспортной сети, изучения потребности в новых маршрутах, улучшения состояния остановок и адаптации расписания к запросам населения.

В этом направлении буду содействовать рассмотрению совместных решений с ответственными управлениями и перевозчиками.

ЭЛЕКТРОСНАБЖЕНИЕ И

 БЕЗОПАСНОСТЬ НЕЛЬЗЯ

 ОТКЛАДЫВАТЬ

Рост нагрузки на электросети, состояние трансформаторов и обращения по поводу отключений электричества требуют системного внимания.

Важно отслеживать реализацию проектов модернизации энергетической инфраструктуры, поднимать вопросы неисправных сетей и подстанций.

В поле моего внимания также будут освещение улиц, безопасность дорог возле школ, видеонаблюдение и общественный порядок.

Готов доводить до компетентных органов предложения жителей по вопросам доступности полицейской службы.

 

СОЦИАЛЬНЫЕ ОБЪЕКТЫ ДОЛЖНЫ

 СООТВЕТСТВОВАТЬ ЧИСЛЕННОСТИ

 НАСЕЛЕНИЯ

С увеличением населения возрастает нагрузка на школы, детские сады и медицинские учреждения.Намерена уделять внимание потребностям образовательных организаций, безопасности детей и доступности дополнительного образования.

Буду содействовать рассмотрению на районном уровне предложений по доступности медицинских услуг, обеспеченности скорой медицинской помощью и условиям работы лечебных учреждений.

Поддержу инициативы по развитию детских спортивных площадок, мест отдыха и культурных объектов.

УСЛОВИЯ ДЛЯ

ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА И ЗАНЯТОСТИ

Экономический потенциал посёлка тесно связан с развитием местных предприятий, торговли и сферы услуг.

Как предприниматель, я хорошо понимаю значение малого бизнеса в создании рабочих мест.

Буду выслушивать предложения местных предпринимателей и поднимать перед соответствующими органами вопросы инфраструктуры, обслуживания и условий ведения бизнеса.

Поддержу инициативы по профессиональному обучению молодёжи, трудоустройству и информированию о государственных программах поддержки.

МОЯ ИНИЦИАТИВА – «БОРАЛДАЙ:

ОТ ПРОЕКТА К РЕЗУЛЬТАТУ»

Каждый инфраструктурный проект в посёлке должен отвечать реальным потребностям населения.

Поэтому предлагаю обсуждать с жителями ход реализации значимых проектов и содействовать открытости информации об их сроках и качестве.

В рамках инициативы намерен систематизировать предложения населения по вопросам водоснабжения, канализации, дорог, электричества и общественного транспорта, взаимодействовать с ответственными организациями.

При обсуждении местного бюджета и программ развития буду поднимать приоритетные потребности посёлка и содействовать контролю исполнения решений в пределах депутатских полномочий.

Для меня важно не формальное завершение проекта на бумаге, а результат, который жители смогут ощутить в повседневной жизни.

УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!

Боралдай обладает большим потенциалом. Но крупному населённому пункту необходим и высокий уровень ответственности.

Мой главный принцип – не ограничиваться временным устранением проблем, а содействовать системной работе, которая позволит предотвратить их повторение.

Готов направить предпринимательский опыт, организаторские способности и ответственность перед родным краем на достижение этих целей.

Боралдаю – системное развитие, жителям – конкретный результат!

С уважением, Нуржаубаев Сакен Бахитович

 

Агитационные материалы

кандидатов финансируются из

 республиканского бюджета

Басқа жаңалықтар

Back to top button