КУТИЧЕНКО ВАЛЕРИЙ ВИТАЛЬЕВИЧ Өзін-өзі ұсыну тәртібімен Іле аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Ауданның дамуы тұрғындардың өмір сүру сапасымен, денсаулығымен және болашаққа деген сенімімен өлшенеді. Ал дені сау, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары қоғам қалыптастыру үшін әр адамға өз қабілетін дамытуға қолайлы жағдай жасалуы қажет.
Мен жас ұрпақтың өкілі ретінде Іле ауданының болашағына бейжай қарай алмаймын. Бүгінде жастарға сапалы білім мен тұрақты жұмыс қана емес, спортпен айналысуға, қоғамдық өмірге қатысуға және өз бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік керек.
Мен, Кутиченко Валерий Витальевич, 2004 жылғы 16 тамызда Алматы қаласында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Алматы облысы, Іле ауданында тұрамын.
Білімім – арнаулы орта. Алматы экономикалық колледжін «Қаржы» мамандығы бойынша бітіріп, қаржы жұмысы жөніндегі экономист біліктілігін алдым.
2025 жылғы қазан айынан бастап «Aura Fitness» жаттығу залында фитнес-нұсқаушы болып еңбек етемін. Күнделікті қызметім адамдардың дене дайындығын жақсартуға, спортқа қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Осы тәжірибем маған спорттың адам өміріндегі маңызын түсіндірді. Дене белсенділігі тек денсаулықты нығайтып қоймай, тәртіпке, табандылыққа және өз мақсатыңа жетуге үйретеді.
Мен үшін депутаттық қызмет – тұрғындардың мәселесін тыңдап, олардың шешілуіне ықпал етуге бағытталған жауапкершілік. Өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп, аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға үлес қосуды мақсат етемін.
- СПОРТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
- БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ
Спорт әрбір тұрғынға жасына, дене дайындығына немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан қолжетімді болуы тиіс.
Іле ауданында бұқаралық спортты дамыту, ашық спорт алаңдарының жағдайын жақсарту және тұрғындардың тұрақты дене шынықтыруына мүмкіндік жасау мәселелерін көтеремін.
Елдімекендердегі спорт нысандарының қолжетімділігін зерделеп, қолданыстағы алаңдарды тиімді пайдалану және қажетті жерлерде жаңа спорттық кеңістіктер ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қолдаймын.
Дене белсенділігін арттыруға арналған қоғамдық бастамаларды дамытуда жергілікті спорт ұйымдарымен, жаттықтырушылармен және кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнатуға ықпал етемін.
- БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ
АРНАЛҒАН СПОРТ
Балалардың спортпен айналысуы олардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізуіне көмектеседі.
Мектеп оқушыларына арналған спорт секцияларының қолжетімділігін арттыру, аула спортын дамыту және балалар арасында тұрақты жарыстар ұйымдастыру мәселелеріне назар аударамын.
Ауылдардағы спорт алаңдарының қауіпсіздігі мен жабдықталуын жақсарту, жасөспірімдердің қызығушылығына сай спорт түрлерін дамыту бастамаларын қолдаймын.
Көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балалары үшін спорттық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту маңызды деп санаймын.
- САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ
Денсаулықты сақтау – күнделікті қалыптасатын дағды. Сондықтан спортты тек жарыстармен шектемей, тұрғындардың өмір салтына айналдыру қажет.
Ашық жаттығулар, бұқаралық жүгіру, дене шынықтыру акциялары және денсаулықты нығайтуға арналған ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсетемін.
Жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігінің маңызын түсіндіру бастамаларын қолдаймын.
Спорттық шараларға ата-аналарды, жастарды және аға буын өкілдерін кеңінен тарту арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды көздеймін.
- АУДАНДЫҚ ЖАРЫСТАР МЕН
ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТ
Спорт адамдарды біріктіріп, елді мекендер арасындағы байланысты нығайтады.
Аудан көлемінде әуесқой турнирлер, мектепаралық жарыстар, отбасылық спорт мерекелері және бұқаралық іс-шаралар өткізуді қолдаймын.
Ұлттық спорт түрлерін насихаттауға, жастардың командалық жарыстарға қатысуына және жергілікті спорттық бастамаларды дамытуға назар аударамын.
Мұндай іс-шаралар тұрғындардың белсенділігін арттырып қана қоймай, жастардың өзара сыйластығы мен жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
- ЕРЕКШЕ БАСТАМА – «СПОРТ РЯДОМ:
АКТИВНЫЙ РАЙОН»
- СПОРТ ӘР ҮЙГЕ ЖАҚЫН БОЛУЫ ТИІС
«Спорт рядом: активный район» («Спорт жақын жерде: белсенді аудан») – менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бастамасы.
Бұл жобаның мақсаты – аудан тұрғындарына өз елді мекенінде, үйіне жақын жерде спортпен айналысу мүмкіндігін кеңейту.
Жоба аясында ашық спорт алаңдарында тегін жаттығулар, жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру сабақтары, отбасылық спорт күндері және әуесқой турнирлер ұйымдастыруға бастамашылық етемін.
Жергілікті жаттықтырушыларды, спорт ұйымдарын және еріктілерді тарта отырып, тұрақты спорттық іс-шаралар өткізу мүмкіндіктерін қарастыруды жоспарлаймын.
Ерекше назарды спорттық инфрақұрылымы жеткіліксіз елді мекендерге аудару маңызды. Қолданыстағы алаңдарды тиімді пайдалану арқылы да тұрғындардың дене белсенділігін арттыруға болады.
Жобаның басты идеясы – спортты қымбат немесе қолжетімсіз қызмет емес, күнделікті өмірдің табиғи бөлігіне айналдыру.
III. ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ
ӨМІР СҮРУ ОРТАСЫ
- ЖАСТАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ
Жастардың белсенділігі ауданның болашағына тікелей әсер етеді. Олардың ұсыныстарын тыңдап, қоғамдық жобаларға қатысуына жағдай жасау маңызды.
Жастардың еріктілік, мәдени, шығармашылық және спорттық бастамаларын қолдаймын.
Кәсіптік бағдар беру, қаржылық сауаттылықты арттыру және жастардың еңбек нарығына бейімделуіне арналған ақпараттық кездесулерді ұйымдастыру мәселелеріне назар аударамын.
Қаржы мамандығы бойынша алған білімімді ескере отырып, жастарға жеке бюджетті жоспарлау, қаражатты тиімді пайдалану және қаржылық жауапкершілік туралы ақпарат беретін бастамаларды қолдауды маңызды санаймын.
- ҚАУІПСІЗ КӨШЕЛЕР МЕН
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕР
Тұрғындардың белсенді өмір сүруіне қауіпсіз әрі қолайлы орта қажет.
№19 сайлау округіне қарасты елді мекендердегі спорт алаңдарына, мектептерге және қоғамдық орындарға апаратын жолдардың жағдайына назар аударамын.
Көше жарығын жақсарту, жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалар алаңдарын абаттандыру жөніндегі ұсыныстарды тиісті мекемелерге жеткіземін.
Қоғамдық орындардың тазалығы, демалыс аумақтарының қолайлылығы және жасыл желектерді көбейту мәселелерін қолдаймын.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛЖЕТІМДІЛІК
ЖӘНЕ ТЕҢ МҮМКІНДІК
Ауданның қоғамдық және спорттық өміріне әртүрлі жастағы тұрғындардың қатысуына мүмкіндік жасалуы тиіс.
Балаларға, зейнеткерлерге және мүгедектігі бар азаматтарға арналған қолжетімді спорттық және сауықтыру іс-шараларын дамыту бастамаларын қолдаймын.
Қоғамдық кеңістіктердің қолайлылығын арттыру, әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындардың ұсыныстарын ескеру және тиісті мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттың қолжетімділігін жақсарту мәселелеріне назар аударамын.
- АШЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ ДЕПУТАТТЫҚ
ЖАУАПКЕРШІЛІК
- ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС
Жергілікті мәселелерді шешу тұрғындардың пікірін тыңдаудан басталады.
Сайлау округіндегі азаматтармен кездесулер өткізу, олардың ұсыныстары мен өтініштерін жинақтау және тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу жұмысын тұрақты жүргізуді көздеймін.
Спорт, жастар, инфрақұрылым және қоғамдық орындардың жағдайына қатысты мәселелерді тұрғындармен бірлесіп талқылауға назар аударамын.
Әрбір көтерілген мәселенің қаралу барысы туралы ашық ақпарат беруге күш саламын.
- НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС
Депутаттың міндеті – барлық мәселені жеке өзі шешуге уәде беру емес, тұрғындардың мүддесін тиісті деңгейде қорғау және нақты ұсыныстардың қаралуына ықпал ету.
Мәслихат өкілеттігі аясында әлеуметтік маңызы бар жобаларды, спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін және бюджет қаражатының тиімді жоспарлануын назарда ұстаймын.
Депутаттық сауалдар мен заңнамада көзделген басқа да тетіктер арқылы тұрғындар көтерген мәселелерді қарауға ықпал етемін.
Құрметті жерлестер!
Мен жас маман ретінде өзімнің күш-жігерімді, білімімді және спорт саласындағы тәжірибемді ауданның дамуына жұмсауға ниеттімін.
Спорт адамды тәртіпке, табандылыққа және ортақ мақсатқа ұмтылуға үйретеді. Бұл қағидалар қоғамдық қызметте де маңызды.
Менің мақсатым – спортты тұрғындарға жақындату, балалар мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейту және Іле ауданында белсенді әрі салауатты өмір сүруге қолайлы жағдай қалыптастыруға үлес қосу.
Спорт әр үйге жақын болсын!
Белсенді тұрғын – қуатты аудан!
Құрметпен, Кутиченко Валерий Витальевич
Кандидаттардың үгіт-насихат
материалдары республикалық
бюджеттен қаржыландырылды
КУТИЧЕНКО ВАЛЕРИЙ ВИТАЛЬЕВИЧ
Кандидат в депутаты Илийского
районного маслихата
в порядке самовыдвижения
Одномандатный территориальный
избирательный округ №19
УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!
Развитие района определяется качеством жизни его жителей, состоянием здоровья и уверенностью в будущем. Для формирования здорового, активного и ответственного общества необходимо создавать условия, позволяющие каждому человеку раскрывать свои способности.
Как представитель молодого поколения, я не могу оставаться равнодушным к будущему Илийского района. Сегодня молодёжи нужны не только качественное образование и стабильная работа, но и возможности заниматься спортом, участвовать в общественной жизни и реализовывать собственные инициативы.
Я, Кутиченко Валерий Витальевич, родился 16 августа 2004 года в городе Алматы. В настоящее время проживаю в Илийском районе Алматинской области.
Имею среднее специальное образование. Окончил Алматинский экономический колледж по специальности «Финансы», получив квалификацию экономиста по финансовой работе.
С октября 2025 года работаю фитнес-инструктором тренажёрного зала «Aura Fitness». Моя повседневная деятельность направлена на улучшение физической подготовки людей, повышение интереса к спорту и формирование здорового образа жизни.
Этот опыт помог мне понять значение спорта в жизни человека. Физическая активность не только укрепляет здоровье, но и воспитывает дисциплину, настойчивость и умение достигать поставленных целей.
Для меня депутатская деятельность – ответственность, направленная на изучение проблем жителей и содействие их решению. Как кандидат, выдвинувшийся в порядке самовыдвижения, ставлю перед собой цель поддерживать молодёжные инициативы и вносить вклад в улучшение качества жизни населения района.
- СПОРТ – ОСНОВА АКТИВНОГО ОБЩЕСТВА
- РАЗВИТИЕ МАССОВОГО СПОРТА
Спорт должен быть доступен каждому жителю независимо от возраста, уровня физической подготовки и социального положения
Намерен поднимать вопросы развития массового спорта в Илийском районе, улучшения состояния открытых спортивных площадок и создания возможностей для регулярных занятий физической культурой.
Буду изучать доступность спортивных объектов в населённых пунктах, поддерживать предложения по эффективному использованию действующих площадок и обустройству новых спортивных пространств там, где это необходимо.
Планирую содействовать сотрудничеству с местными спортивными организациями, тренерами и предпринимателями для развития общественных инициатив, направленных на повышение физической активности населения.
- СПОРТ ДЛЯ ДЕТЕЙ И ПОДРОСТКОВ
Занятия спортом помогают детям укреплять здоровье и с пользой проводить свободное время.
Буду уделять внимание повышению доступности спортивных секций для школьников, развитию дворового спорта и организации регулярных соревнований среди детей.
Намерен поддерживать инициативы по улучшению безопасности и оснащения сельских спортивных площадок, развитию видов спорта, интересных подросткам.
Считаю важным расширять возможности участия в спортивных мероприятиях детей из многодетных семей и семей, нуждающихся в социальной поддержке.
- ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ ЗДОРОВОГО
ОБРАЗА ЖИЗНИ
Забота о здоровье – привычка, которая формируется ежедневно. Поэтому важно, чтобы спорт не ограничивался соревнованиями, а становился частью повседневной жизни.
Буду поддерживать проведение открытых тренировок, массовых забегов, физкультурных акций и информационных мероприятий, направленных на укрепление здоровья.
Намерен содействовать инициативам по профилактике вредных привычек среди молодёжи, разъяснению значения правильного питания и физической активности.
Планирую популяризировать здоровый образ жизни, привлекая к спортивным мероприятиям родителей, молодёжь и представителей старшего поколения.
- РАЙОННЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ
И СЕМЕЙНЫЙ СПОРТ
Спорт объединяет людей и укрепляет связи между населёнными пунктами.
Буду поддерживать проведение любительских турниров, межшкольных соревнований, семейных спортивных праздников и массовых мероприятий районного уровня.
Особое внимание намерен уделять популяризации национальных видов спорта, участию молодёжи в командных соревнованиях и развитию местных спортивных инициатив.
Подобные мероприятия не только повышают активность населения, но и способствуют формированию взаимного уважения и ответственности среди молодёжи.
- ОСОБАЯ ИНИЦИАТИВА – «СПОРТ РЯДОМ: АКТИВНЫЙ РАЙОН»
- СПОРТ ДОЛЖЕН БЫТЬ РЯДОМ С ДОМОМ
«Спорт рядом: активный район» – ключевая инициатива моей предвыборной программы.
Цель проекта – расширить возможности для занятий спортом непосредственно в населённых пунктах района, недалеко от места проживания жителей.
В рамках инициативы планирую выступать за организацию бесплатных тренировок на открытых спортивных площадках, занятий для подростков, семейных спортивных дней и любительских турниров.
Намерен рассматривать возможности проведения регулярных спортивных мероприятий с привлечением местных тренеров, спортивных организаций и волонтёров.
Особое внимание важно уделять населённым пунктам, где спортивная инфраструктура недостаточно развита. Даже эффективное использование действующих площадок может способствовать повышению физической активности жителей.
Главная идея проекта – сделать спорт не дорогой или труднодоступной услугой, а естественной частью повседневной жизни.
III. МОЛОДЁЖЬ И КОМФОРТНАЯ
СРЕДА ПРОЖИВАНИЯ
- РАСШИРЕНИЕ ВОЗМОЖНОСТЕЙ МОЛОДЁЖИ
Активность молодого поколения непосредственно влияет на будущее района. Важно прислушиваться к предложениям молодёжи и создавать условия для её участия в общественных проектах.
Буду поддерживать волонтёрские, культурные, творческие и спортивные инициативы молодых людей.
Намерен уделять внимание организации информационных встреч по профессиональной ориентации, финансовой грамотности и адаптации молодёжи к рынку труда.
Учитывая образование в сфере финансов, считаю важным поддерживать инициативы, знакомящие молодёжь с планированием личного бюджета, рациональным использованием денежных средств и финансовой ответственностью.
- БЕЗОПАСНЫЕ УЛИЦЫ И ОБЩЕСТВЕННЫЕ ПРОСТРАНСТВА
Для активной жизни жителям необходима безопасная и комфортная среда.
Буду уделять внимание состоянию дорог, ведущих к спортивным площадкам, школам и общественным объектам в населённых пунктах избирательного округа №19.
Намерен доводить до соответствующих организаций предложения по улучшению уличного освещения, обеспечению безопасности пешеходных переходов и благоустройству детских площадок.
Буду поддерживать инициативы по поддержанию чистоты общественных пространств, повышению удобства зон отдыха и увеличению зелёных насаждений.
- СОЦИАЛЬНАЯ ДОСТУПНОСТЬ И РАВНЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ
Участие в общественной и спортивной жизни района должно быть доступно жителям разных возрастов.
Буду поддерживать инициативы по развитию доступных спортивных и оздоровительных мероприятий для детей, пенсионеров и граждан с инвалидностью.
Особое внимание намерен уделять повышению удобства общественных пространств, учёту предложений жителей, нуждающихся в социальной поддержке, и улучшению доступности информации о соответствующих государственных программах.
- ОТКРЫТЫЙ ДИАЛОГ И ДЕПУТАТСКАЯ
ОТВЕТСТВЕННОСТЬ
- ПОСТОЯННАЯ СВЯЗЬ С ЖИТЕЛЯМИ
Решение местных вопросов начинается с внимательного отношения к мнению населения.
Намерен регулярно встречаться с жителями избирательного округа, собирать их предложения и обращения, доводить актуальные вопросы до соответствующих государственных органов.
Буду уделять внимание совместному обсуждению проблем спорта, молодёжи, инфраструктуры и состояния общественных пространств.
Планирую информировать жителей о ходе рассмотрения поднятых вопросов.
- РАБОТА, ОРИЕНТИРОВАННАЯ
НА РЕЗУЛЬТАТ
Задача депутата – не обещать лично решить все проблемы, а защищать интересы жителей на соответствующем уровне и содействовать рассмотрению конкретных предложений.
В рамках полномочий маслихата намерен уделять внимание социально значимым проектам, развитию спортивной инфраструктуры и эффективному планированию бюджетных средств.
Используя депутатские запросы и другие предусмотренные законодательством механизмы, буду содействовать рассмотрению вопросов, поднятых населением.
Уважаемые земляки!
Как молодой специалист, я намерен направить свои силы, знания и опыт работы в спортивной сфере на развитие района.
Спорт учит человека дисциплине, настойчивости и стремлению к общей цели. Эти принципы не менее важны и в общественной деятельности.
Моя цель – сделать спорт ближе к жителям, расширять возможности детей и молодёжи и вносить вклад в создание условий для активной и здоровой жизни в Илийском районе.
Спорт – рядом с каждым домом!
Активные жители – сильный район!
С уважением, Кутиченко Валерий Витальевич
Агитационные материалы
кандидатов финансируются из
республиканского бюджета



