РАУАН РАХАТҰЛЫ БҰҒЫБАЕВ «ӘДІЛЕТ» партиясынан Іле аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат №20 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың басты байлығы – оның халқы. Туған жерін сүйетін, адал еңбек етіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын тұрғындарымыз – ел дамуының негізі.
Жәпек батыр және Төле би ауылдарының әрқайсысына ерекше көңіл бөлініп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасалуы тиіс. Сапалы жолдар, абаттандырылған көшелер, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, тұрақты жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктер – ауыл тұрғындарының күнделікті өміріндегі маңызды мәселелер. Осы бағыттарда нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жүйелі жұмыс жүргізу қажет.
Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім аясында ауыл тұрғындарының мүддесін қорғап, көтерілген мәселелердің шешімін табуға күш салуға дайынмын.
Мен үшін құрғақ уәде емес, нақты іс пен нәтижелі жұмыс маңызды. Халықпен бірге болып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, Жәпек батыр және Төле би ауылдарын өмір сүруге, еңбек етуге және ұрпақ тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыруға үлес қосу – басты мақсатым.
Ауданымыздың басты байлығы – оның халқы. Туған жерін сүйетін, адал еңбек етіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын тұрғындарымыз – ел дамуының негізі.
Жәпек батыр және Төле би ауылдарының әрқайсысына ерекше көңіл бөлініп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасалуы тиіс. Сапалы жолдар, абаттандырылған көшелер, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, тұрақты жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктер – ауыл тұрғындарының күнделікті өміріндегі маңызды мәселелер. Осы бағыттарда нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жүйелі жұмыс жүргізу қажет.
Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім аясында ауыл тұрғындарының мүддесін қорғап, көтерілген мәселелердің шешімін табуға күш салуға дайынмын.
Мен үшін құрғақ уәде емес, нақты іс пен нәтижелі жұмыс маңызды. Халықпен бірге болып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, Жәпек батыр және Төле би ауылдарын өмір сүруге, еңбек етуге және ұрпақ тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыруға үлес қосу – басты мақсатым.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әділдік пен теңдік – әр тұрғынның мәселесіне бейжай қарамай, барлығына бірдей құрметпен қарау.
Адалдық пен жауапкершілік – берген уәдеме берік болып, атқарған ісім үшін жауап беру.
Ашықтық пен сенім – халықпен тұрақты байланыста болып, тұрғындардың пікірін ескеру.
Нақты нәтиже – ауылдардың өзекті мәселелерін көтеріп, олардың шешілуіне ықпал ету.
Халық мүддесі – тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
Сіздердің ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізге, сын-ескертпелеріңізге әрдайым ашықпын. Әр тұрғынды мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешімін табу үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын. Бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ болса, ауылдарымыздың болашағын бірге жақсарта аламыз!
Сайлауға келіңіздер!
Маған дауыс беріңіздер!
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Бұғыбаев Рауан Рахатұлы, Алматы қаласының тумасымын. Жәпек батыр ауылындағы №4 орта мектепті тәмамдадым.
Еңбек жолымды алған мамандығым бойынша бастап, шамамен 9 жыл бойы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да қызмет атқардым. Осы кезеңде энергетика саласында мол тәжірибе жинақтап, инженерлік желілердің жұмыс істеу ерекшеліктері мен инфрақұрылымды дамыту бағытында кәсіби білімімді жетілдірдім.
Кейін жеке кәсіпкерлік саласына бет бұрып, өз құрылыс компаниямды құрдым. Қазіргі таңда компаниям инженерлік желілерді жаңғырту және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бағытында қызмет атқарады.
Негізгі мақсатым – нақты істерге басымдық беру, тұрғындармен ашық әрі тұрақты диалог орнату, туған өлкеміздің дамуына үлес қосу және халық игілігі үшін нақты нәтижелерге қол жеткізу.
Бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назарда қордаланған мәселелерді шешумен қатар, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға мүмкіндік жасау және туған жерді сақтау міндеттері тұр.
Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі – халықтың өміріндегі нақты өзгерістер.
Құрметпен, Рауан Бұғыбаев
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
Жәпек батыр ауылындағы көлік қатынасын жеңілдету үшін жолдарды жөндеу кезектілігін нақтылап, басым учаскелерді аудандық жоспарға енгізуді ұсыну.
Көшелердегі жаяу жүргіншілер өткелдерін, жол белгілері мен аялдамаларды түгендеп, оларды қауіпсіздік талаптарына сай ретке келтіруді қолдау.
Жәпек батыр, Төле би ауылдарындағы және округке қарасты саяжайларға кіреберіс жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету.
- СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ,
КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Елдімекендердегі ауызсу жүйелерінің жай-күйін бағалап, жөндеуді қажет ететін желілерді кезең-кезеңімен жаңарту мәселесін көтеру.
Көше жарығымен қамтылмаған аумақтарды анықтап, жарық шамдарын орнату жоспарын әзірлеуге ықпал ету.
Коммуналдық қызметтердің жұмысына қатысты тұрғындардың өтініштерін жинақтап, мәселелердің шешілу барысын ашық бақылауға бастамашылық ету.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ
КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
Ауыл тұрғындарына кәсіп бастау үшін бизнес-жоспар әзірлеу, құжаттарды рәсімдеу және қолдау бағдарламаларын таңдау бойынша кеңес алу мүмкіндіктерін кеңейту.
- ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ
Жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітім мен жарақаттану жағдайларын азайту мақсатында қауіпті учаскелерді анықтау, жол белгілерін орнату және жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру.
«Сергек» жүйесінің бейнебақылау камераларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және техникалық ақауларды уақтылы жоюға ықпал ету.
Учаскелік және патрульдік полиция инспекторларын бейнетіркегіштермен (бейнежетондармен) жарақтандыру деңгейін арттыру мәселесін көтеру.
Мектептер мен балалар көп шоғырланатын орындардың маңында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуге ықпал ету.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды қолдау.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың қажеттіліктерін анықтап, тиісті қызметтерге жүгінуіне жәрдемдесетін түсінікті ақпараттық қолдау ұйымдастыру.
Тұрғындардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын арттыру үшін округке инвесторлар тарту, халыққа жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Ауыл тұрғындарының дәрігерге қаралу, зертханалық тексеруден өту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу барысында кездесетін қиындықтарын жинақтап, медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ұсыныстар беру.
«Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина мамандарын тартуды қолдау.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Мектеп ғимараттарының техникалық жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды қарастыру.
Оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды қолдау.
Спорт залдары мен мектеп алаңдарын жаңғырту мәселелерін көтеру.
Ауылдық мектептердің инфрақұрылымын жақсартуға және цифрлық ресурстарға қолжетімділікті арттыруға ықпал ету.
Білім беру ұйымдарындағы санитариялық жағдай мен қолайлы оқу ортасына қатысты мәселелерді бақылауға алу.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу.
Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және ауыл мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі байланыс желісінің қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу.
Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.
- ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
Ауылдардағы ортақ пайдаланылатын орындарды тұрғындармен бірлесе күтіп ұстау бастамаларын қолдап, қоқыс жинау, ағаш отырғызу және демалыс орындарын ретке келтіру жұмыстарын жүйелеу.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарымның негізі!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!
Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!
Кандидаттардың үгіт-насихат
материалдары республикалық
бюджеттен
қаржыландырылды
РАУАН РАХАТУЛЫ БУГЫБАЕВ
Кандидат в депутаты Илийского районного маслихата от партии «ӘДІЛЕТ»
Одномандатный территориальный
избирательный округ №20
ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА
НА 2026–2031 ГОДЫ
УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!
Главное богатство нашего района – его жители. Люди, которые любят родную землю, добросовестно трудятся и ответственно относятся к своему делу, являются основой развития нашего края.
Каждое из сел Жапек батыр и Толе би заслуживает особого внимания. Необходимо создавать условия для повышения качества жизни их жителей. Хорошие дороги, благоустроенные улицы, доступные социальные услуги, стабильные рабочие места и новые возможности для молодежи – все это важнейшие вопросы повседневной жизни сельчан. Для достижения ощутимых результатов в этих направлениях необходима последовательная и системная работа.
Я понимаю, что решить все проблемы одновременно невозможно. Однако в рамках своих депутатских полномочий готов отстаивать интересы сельских жителей и прилагать все усилия для решения волнующих их вопросов.
Для меня важны не пустые обещания, а конкретные дела и реальные результаты. Моя главная цель – быть рядом с людьми, прислушиваться к их предложениям и пожеланиям, вносить свой вклад в развитие сел Жапек батыр и Толе би, чтобы они становились комфортными для жизни, труда и воспитания детей.
ДОРОГИЕ ЗЕМЛЯКИ!
Главное богатство нашего района – его жители. Люди, которые любят родную землю, добросовестно трудятся и ответственно относятся к своему делу, являются основой развития нашего края.
Каждое из сел Жапек батыр и Толе би заслуживает особого внимания. Необходимо создавать условия для повышения качества жизни их жителей. Хорошие дороги, благоустроенные улицы, доступные социальные услуги, стабильные рабочие места и новые возможности для молодежи – все это важнейшие вопросы повседневной жизни сельчан. Для достижения ощутимых результатов в этих направлениях необходима последовательная и системная работа.
Я понимаю, что решить все проблемы одновременно невозможно. Однако в рамках своих депутатских полномочий готов отстаивать интересы сельских жителей и прилагать все усилия для решения волнующих их вопросов.
Для меня важны не пустые обещания, а конкретные дела и реальные результаты. Моя главная цель – быть рядом с людьми, прислушиваться к их предложениям и пожеланиям, вносить свой вклад в развитие сел Жапек батыр и Толе би, чтобы они становились комфортными для жизни, труда и воспитания детей.
МОИ ПРИНЦИПЫ
Справедливость и равенство – внимательное отношение к проблемам каждого жителя, равное уважение ко всем без исключения.
Честность и ответственность – верность данному слову и готовность отвечать за свои действия.
Открытость и доверие – постоянный диалог с населением и учет мнения жителей.
Конкретный результат – выявление актуальных проблем сельских населенных пунктов и содействие их решению.
Интересы народа – поддержка инициатив, направленных на повышение благосостояния жителей.
Я всегда открыт для ваших предложений, пожеланий и конструктивной критики. Готов внимательно выслушать каждого жителя и приложить все усилия для решения поднимаемых вопросов. Уверен, что благодаря единству и общим целям мы сможем вместе сделать будущее наших сел лучше!
Приходите на выборы!
Голосуйте за меня!
УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!
Я, Бугыбаев Рауан Рахатулы, родился в городе Алматы. Окончил среднюю школу №4 в селе Жапек батыр.
Свою трудовую деятельность начал по полученной специальности. Около девяти лет проработал в АО «Алатау Жарык Компаниясы». За это время приобрел значительный опыт в энергетической отрасли, углубил профессиональные знания в области эксплуатации инженерных сетей и развития инфраструктуры.
Впоследствии решил заняться предпринимательской деятельностью и основал собственную строительную компанию. Сегодня наша компания занимается модернизацией инженерных сетей и реализацией инфраструктурных проектов.
Моя главная цель – отдавать приоритет конкретным делам, выстраивать открытый и постоянный диалог с жителями, вносить вклад в развитие родного края и добиваться реальных результатов на благо людей.
Моя программа основана на ценностях и программных приоритетах партии «Әділет». В центре внимания – не только решение накопившихся проблем, но и развитие сельского предпринимательства, поддержка людей труда, создание возможностей для молодежи и сохранение родной земли.
Для меня главный показатель депутатской работы – реальные перемены в жизни людей.
С уважением, Рауан Бугыбаев
КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА
НА 2026–2031 ГОДЫ
- ДОРОГИ И ТРАНСПОРТ
Для улучшения транспортного сообщения в селе Жапек батыр – содействовать определению очередности ремонта дорог и внесению наиболее проблемных участков в районный план дорожных работ.
Поддерживать проведение инвентаризации пешеходных переходов, дорожных знаков и остановочных пунктов с последующим приведением их в соответствие с требованиями безопасности.
Содействовать проведению ремонтных работ на дорогах в селах Жапек батыр и Толе би, а также на подъездных путях к дачным массивам, входящим в состав избирательного округа.
- ВОДО И ЭЛЕКТРОСНАБЖЕНИЕ, КОММУНАЛЬНАЯ ИНФРАСТРУКТУРА
Поднимать вопросы оценки состояния систем питьевого водоснабжения в населенных пунктах и поэтапной модернизации сетей, нуждающихся в ремонте.
Выявлять улицы и территории, не охваченные уличным освещением, содействовать разработке плана установки осветительных приборов.
Систематизировать обращения жителей по вопросам работы коммунальных служб и выступать с инициативами по обеспечению открытого общественного контроля за ходом решения выявленных проблем.
- ДОСТУПНОЕ КРЕДИТОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ
СЕЛЬСКОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА
Расширять возможности получения сельскими жителями консультационной помощи по вопросам открытия собственного дела, разработки бизнес-планов, оформления необходимых документов и выбора подходящих программ государственной поддержки.
- ЗАКОН И ПОРЯДОК – ОСНОВА ГОСУДАРСТВА
В целях снижения смертности и травматизма в результате дорожно-транспортных происшествий поднимать перед уполномоченными органами вопросы выявления опасных участков дорог, установки дорожных знаков и усиления мер по обеспечению безопасности дорожного движения.
Содействовать обеспечению бесперебойной работы камер видеонаблюдения системы «Сергек» и своевременному устранению технических неисправностей.
Поднимать вопрос повышения уровня оснащенности участковых и патрульных инспекторов полиции средствами видеофиксации (нагрудными видеорегистраторами).
Содействовать усилению мер по обеспечению безопасности пешеходов вблизи школ и мест массового пребывания детей.
Поддерживать профилактические мероприятия, направленные на повышение культуры соблюдения правил дорожного движения.
- НОВЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА И ПОВЫШЕНИЕ
ДОХОДОВ СЕЛЬСКИХ ЖИТЕЛЕЙ
Выявлять потребности граждан, нуждающихся в социальной помощи, и организовывать доступную информационную поддержку, которая позволит им своевременно обращаться в соответствующие службы.
Содействовать организации системной работы по привлечению инвесторов в избирательный округ, созданию новых рабочих мест и повышению экономического и социального благосостояния жителей.
- ДОСТУПНАЯ И КАЧЕСТВЕННАЯ МЕДИЦИНА
Изучать и обобщать проблемы, с которыми сталкиваются сельские жители при обращении к врачам, прохождении лабораторных исследований и обеспечении лекарственными препаратами. На основе выявленных проблем вносить предложения, направленные на повышение доступности медицинских услуг.
Поддерживать привлечение медицинских специалистов в сельские населенные пункты с использованием государственных мер поддержки, в том числе в рамках проекта «С дипломом – в село!».
- СОВРЕМЕННЫЕ ШКОЛЫ И КОМФОРТНЫЕ
УСЛОВИЯ ДЛЯ ДЕТЕЙ
Рассматривать предложения по улучшению технического состояния школьных зданий.
Поддерживать проекты, направленные на оснащение учебных кабинетов современным оборудованием.
Поднимать вопросы модернизации спортивных залов и пришкольных спортивных площадок.
Содействовать развитию инфраструктуры сельских школ и расширению доступа к цифровым образовательным ресурсам.
Держать на контроле вопросы санитарного состояния образовательных учреждений и создания комфортных условий для обучения.
- СОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ПОДДЕРЖКА СЕМЕЙ
Прилагать усилия для обеспечения доступности государственных социальных услуг для пожилых людей, семей с детьми и лиц с инвалидностью.
Содействовать улучшению условий жизни социально уязвимых категорий граждан и созданию доступной среды в сельских учреждениях.
- КАЧЕСТВЕННАЯ МОБИЛЬНАЯ СВЯЗЬ
И ИНТЕРНЕТ
Добиваться улучшения качества мобильной связи и интернета, а также расширения зоны покрытия сетей связи в отдаленных населенных пунктах района.
Поддерживать цифровизацию сельских учреждений и повышение доступности электронных государственных услуг.
- ЧИСТЫЕ И БЛАГОУСТРОЕННЫЕ СЕЛА
Поддерживать инициативы жителей по совместному содержанию общественных территорий, содействовать системной организации работ по уборке мусора, посадке деревьев и благоустройству мест отдыха.
Ваше мнение – основа моей работы!
Оправдаю ваше доверие честным трудом!
Каждое мое решение – во благо родного края!
Агитационные материалы
кандидатов финансируются из
республиканского бюджета



