АЛДАЖАРОВА САЛИМА НУРЛАНОВНА «ӘДІЛЕТ» партиясынан Іле аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
«Ауылдың өркендеуі – халықтың әл-ауқатының өлшемі. Әр отбасының тыныштығы, әр баланың болашағы, әр тұрғынның лайықты өмір сүруі – біздің басты мұратымыз!»
Мен үшін депутат болу – мәртебе емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Бұл – ел сенімін ақтау, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдау, ауылдың дамуына кедергі келтіретін мәселелердің шешілуіне табандылықпен ықпал ету.
Ауылдың көркеюі бір күнде жүзеге аспайды. Ол жүйелі жұмысты, ортақ жауапкершілікті және халықпен тұрақты байланысты талап етеді. Мен осы жолда тұрғындармен бірлесе әрекет етіп, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлік пен жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдауды өзімнің маңызды міндетім деп санаймын.
Менің мақсатым – қызметтің биігін емес, нәтижесін көрсету. Халықтың сенімі сөзбен емес, іспен ақталады. Жүкті жұмыла көтерсек, ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала өсіруге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Менің басты ұстанымым – халыққа жақын болу, сөзден іске көшу, әрбір шешімнің негізіне адам мүддесін қою.
Елмен ашық диалог орнату, ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау – менің негізгі міндеттерімнің бірі.
Тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызға, сын-ескертпелеріңізге әрдайым құлақ асамын. Әрқайсыңызды мұқият тыңдап, көтерген мәселелеріңіздің шешімін табуға бар күшімді салуға дайынмын.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Алдажарова Салима Нурлановна, Жамбыл облысының Құлан ауылында туып-өстім. Қазіргі таңда Іле ауданының М. Түймебаев ауылында тұрамын. Мамандығым – мұғалім.
Ауыл тұрғындарымен тығыз байланыс маған халықты толғандыратын көптеген мәселелерді тереңірек түсінуге және олардың шешу жолдарын іздестіруге мүмкіндік берді.
Әрбір елдімекеннің өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен, барлық тұрғынның лайықты өмір сүруіне жағдай жасалуы тиіс.
Мен үшін жауапкершілік, әділдік, адамгершілік пен тұрақтылық – басты құндылықтар
Қордаланған мәселелерді шешу, ауылдық елдімекендерде жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл жастарына қолдау көрсету, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, қолөнерімізді өркендету – басты назарымдағы міндеттер. Осы міндеттердің орындалуына, тиісті іс-шаралардың даму жоспарларына енгізілуіне және бюджеттен қаржы бөлінуіне қол жеткізуді, сондай-ақ тұрғындармен ашық әрі тұрақты байланыс орнатуды мақсат етіп отырмын.
Мен үшін депутаттық жұмыстың нәтижесі – халық алдында берілген уәделердің нақты әрі уақтылы орындалуы.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
2027 жылы Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелерін жөндеуге қол жеткізу.
Ауылдар мен аудан орталығы, сондай-ақ Алматы қаласы арасында тұрақты қоғамдық көлік қатынасын қамтамасыз етуге ықпал ету.
- СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН
ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Жәпек батыр және Көйқайнар ауылдарындағы көшелерді жарықтандыруға, саяжайлардың трансформаторлық станцияларын мемлекет меншігіне өткізуге жәрдемдесу.
Ауыл ішіндегі тозығы жеткен инженерлік желілерді жөндеуге қол жеткізу. Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.
Қуатты өңірлер – қуатты ел!
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ
КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған, тиісті талаптарға сай жабдықталған сауда алаңын құруға қол жеткізу.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Шағын бизнесті дамыту және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Ауыл жастарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ету. Жас кәсіпкерлерді қолдауға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының тиімді әрі ұтымды пайдаланылуына жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттарды басшылыққа ала отырып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, дәрігерлік қызметтердің, әсіресе шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина мамандарын ауылға тартуды қолдау.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ
БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Ащыбұлақ ауылдық округіндегі мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. Сондай-ақ балалар ойын алаңдарын, спорт және шағын футбол алаңдарын салуға, оларды дамытуға үлес қосу.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ
ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар азаматтар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш салу. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және мамандандырылған орталықтар ашуға ықпал ету.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ саяжайлар мен елді мекендерде байланыспен қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау. Ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету.
- ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН
АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында округтегі ауылдар мен саяжайлардың көшелерін абаттандыруға, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын ауылдар мен саяжайлардың тұрғындары арасында кеңінен насихаттау.
«Ауылды дамыту – бұл бүкіл Қазақстанның болашағын қамтамасыз ету!»
Құрметпен, Салима Алдажарова.
Кандидаттардың үгіт-насихат
материалдары республикалық
бюджеттен қаржыландырылды
АЛДАЖАРОВА САЛИМА НУРЛАНОВНА
Кандидат в депутаты Илийского районного маслихата от партии «ӘДІЛЕТ»
Одномандатный территориальный
избирательный округ №3
ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА
НА 2026–2031 ГОДЫ
УВАЖАЕМЫЕ земляки!
«Процветание села – показатель благосостояния народа. Благополучие каждой семьи, будущее каждого ребёнка, достойная жизнь каждого жителя – наша главная цель!»
Для меня быть депутатом – не статус, а большая ответственность перед народом. Это значит оправдывать доверие людей, прислушиваться к их проблемам и нуждам, настойчиво содействовать решению вопросов, препятствующих развитию села.
Преобразование села не происходит за один день. Оно требует системной работы, общей ответственности и постоянной связи с населением. Своей важной задачей считаю совместную работу с жителями и поддержку инициатив, направленных на улучшение социального положения села, развитие инфраструктуры, расширение возможностей для предпринимательства и трудоустройства.
Моя цель – показать не значимость занимаемой должности, а результаты работы. Доверие народа оправдывается не словами, а делами. Объединив усилия, мы сможем сделать наш район комфортным местом для жизни, труда и воспитания детей!
МОИ ПРИНЦИПЫ
Мой главный принцип – быть ближе к людям, переходить от слов к делу и ставить интересы человека в основу каждого решения.
Ведение открытого диалога с населением и защита интересов сельских жителей – одни из моих основных задач.
Я всегда буду прислушиваться к вашим пожеланиям, предложениям и критическим замечаниям. Готова внимательно выслушать каждого из вас и приложить все усилия для решения поднятых вами вопросов.
УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!
Я, Алдажарова Салима Нурлановна, родилась и выросла в селе Кулан Жамбылской области. В настоящее время проживаю в селе М. Туймебаева Илийского района. По профессии – учитель.
Тесное общение с сельскими жителями позволило мне глубже понять многие волнующие население проблемы и искать пути их решения.
Каждый населённый пункт имеет свои особенности. Однако для всех жителей должны быть созданы условия для достойной жизни.
Ответственность, справедливость, человечность и стабильность – мои главные ценности.
Решение накопившихся проблем, создание рабочих мест в сельских населённых пунктах, развитие сельского хозяйства, поддержка сельской молодёжи, возрождение народных ремёсел с сохранением национальных ценностей – задачи, находящиеся в центре моего внимания. Своей целью ставлю содействие выполнению этих задач, включению соответствующих мероприятий в планы развития и выделению бюджетных средств, а также установление открытой и постоянной связи с населением.
Для меня результат депутатской деятельности – конкретное и своевременное выполнение обещаний, данных народу.
КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА
НА 2026–2031 ГОДЫ
- ДОРОГИ И ТРАНСПОРТ
Добиваться ремонта улиц населённых пунктов Ащибулакского сельского округа в 2027 году.
Содействовать обеспечению регулярного движения общественного транспорта между сёлами, районным центром и городом Алматы.
- ВОДОСНАБЖЕНИЕ, ЭЛЕКТРОСНАБЖЕНИЕ И КОММУНАЛЬНАЯ
ИНФРАСТРУКТУРА
Содействовать освещению улиц в сёлах Жапек батыр и Коккайнар, передаче трансформаторных подстанций дачных массивов в государственную собственность.
Добиваться ремонта изношенных инженерных сетей внутри сёл. Уделять особое внимание бесперебойному обеспечению сельских населённых пунктов электроэнергией и расширению охвата уличным освещением.
Сильные регионы – сильная страна!
- ДОСТУПНОЕ КРЕДИТОВАНИЕ И
РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОГО
ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА
Содействовать расширению возможностей льготного кредитования сельских жителей в рамках программы «Ауыл аманаты», развитию личных подсобных хозяйств, семейного предпринимательства и сельскохозяйственных кооперативов. Добиваться повышения доступности мер государственной поддержки для жителей района.
- ПОДДЕРЖКА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА
Защищать интересы сельских жителей в вопросах обеспечения пастбищными угодьями, развития ветеринарной инфраструктуры и повышения доступности сельскохозяйственных услуг. Добиваться создания оборудованной в соответствии с необходимыми требованиями торговой площадки для реализации продукции местных фермеров и личных подсобных хозяйств.
- НОВЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА И ДОХОДЫ СЕЛЬСКИХ ЖИТЕЛЕЙ
Поддерживать создание постоянных рабочих мест посредством развития малого бизнеса и привлечения инвестиций. Содействовать обеспечению сельской молодёжи постоянной занятостью. Способствовать эффективному и рациональному использованию государственных средств, выделяемых на поддержку молодых предпринимателей.
Руководствуясь приоритетными направлениями, обозначенными в Послании Президента Республики Казахстан «Актуальные задачи Казахстана на новом историческом этапе», содействовать социально-экономическому развитию села.
- ДОСТУПНАЯ И КАЧЕСТВЕННАЯ
МЕДИЦИНА
Добиваться улучшения материально-технического оснащения сельских врачебных амбулаторий, повышения доступности врачебных услуг и медицинской помощи, особенно в отдалённых сёлах. Поддерживать привлечение медицинских специалистов в сельскую местность посредством реализации проекта «С дипломом – в село!» и других мер государственной поддержки.
- СОВРЕМЕННЫЕ ШКОЛЫ И
КОМФОРТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ ДЕТЕЙ
Добиваться улучшения материально-технического оснащения школ Ащибулакского сельского округа, обеспечения безопасности дорог, ведущих к организациям образования. Также содействовать строительству и развитию детских игровых, спортивных площадок и мини-футбольных полей.
- СОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА
И ПОДДЕРЖКА СЕМЕЙ
Прилагать усилия для обеспечения доступности государственных социальных услуг для пожилых людей, семей с детьми и лиц с инвалидностью. Содействовать улучшению условий жизни социально уязвимых категорий населения и открытию специализированных центров.
- КАЧЕСТВЕННАЯ СВЯЗЬ И ИНТЕРНЕТ
Добиваться улучшения качества мобильной связи и интернета, а также расширения зоны покрытия в дачных массивах и населённых пунктах. Поддерживать цифровизацию сельских учреждений и повышение доступности электронных государственных услуг. Содействовать обеспечению сельских школ высокоскоростным интернетом.
- ЧИСТЫЕ И БЛАГОУСТРОЕННЫЕ СЁЛА
В рамках инициативы «Таза Қазақстан» добиваться благоустройства улиц сёл и дачных массивов округа, совершенствования системы сбора и вывоза отходов, озеленения населённых пунктов и создания комфортных общественных пространств.
Широко популяризировать общенациональный проект «Таза Қазақстан» среди жителей сёл и дачных массивов.
«Развитие села – это обеспечение будущего всего Казахстана!»
С уважением, Салима Алдажарова
Агитационные материалы
кандидатов финансируются из
республиканского бюджета



