ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРІС – ЖҰРТ ИГІЛІГІНЕ

Іле ауданында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңке 2026 жылғы 21 қарашада сағат 10:00-де Өтеген батыр ауылында, Титов көшесі, 41-үй, «Или» сауда үйінің алдында өтеді.
Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы өндірушілері мен жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін тұрғындарға тікелей ұсынады. Жәрмеңке сөрелерінен көкөністер мен жемістер, ет және сүт өнімдері, бал және табиғи өнімдер, жұмыртқа және басқа да азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға болады.
Мұндай шаралар жергілікті өндірушілерді қолдауға, олардың өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге және тұрғындардың сапалы азық-түлікке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Сондықтан отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсету, олардың еңбегін насихаттау және халық пен өндіруші арасындағы тікелей байланысты нығайту – маңызды міндеттердің бірі.
Барлық ауыл тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге шақырамыз!



