ТАРТЫСТЫ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Өтеген батыр ауылы №24 лицейде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне арналған, мемлекеттік қызметшілер арасында аудан әкімінің кубогі үшін бильярд, шахмат, дойбы ойындарынан спорттық турнир өткізілді. Жарыстың басты мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесін атап өту, салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметкерлерді және жалпы халықты спортқа тарту, мемлекеттік қызметкерлердің спорттаға шеберліктерін шыңдау, мемлекеттік қызметкерлердің патриоттық рухын көтеру, мемлекеттік қызметкерлер арасында жолдастық қарым-қатынасты нығайту. Аталған турнирге ауданымыздың ауылдық, кенттік округтері мен аудан әкімдігінен барлығы 100-ге жуық мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Б. Қарасаев ҚР конституция күнімен және спорттық турнирдің ашылымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. Турнирдің бас төрешісі Қ. Садвакасов ойын ережелерін түсіндіріп өтсе, Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы, аудандық Мәдениет үйінің әншісі Ерасыл Абдуалиев спортшыларды южігерлендіру мақсатында өзінің патриоттық авторлық «Туған ел» әнін көпшілікке тарту етті. Бильярд, шахмат, дойбы ойын түрлерінен болған жекелей жарыста аудан спортшылары өзбдерінің жоғарғы дайындықтарымен келгендіктерін дәлелдеп, көрермендер тартысты да, қызықты ойындардың куәсі бола білді. Жарыс қорытындысы бойынша бльярд ойынынан І-орын Қ. Ортыбаев, ІІ-орын Ғ. Ермұхамбетов, ІІІ-орын Р. Садық иеленді.
Шахмат ойыны бойынша А.Абирова, І-орын, А.Жандосов ІІ-орын, І. Райханов ІІІ-орынды иеленді. Ал дойбы ойыны бойынша І-орынды Б. Рақымжан, ІІ-орын Ж.Кәбдікәрімов, ІІІ-орны Д. Құлымбетовалар иеленді. Турнир жеңімпаздарына марапат қағаздары, медаль және арнайы кубоктар табыс етілді. Байрақты бәсекеге қазылық еткен төрешілер Қ. Садвакасов, Ж. Есенбедиева, Д. Ташкенбаева, Е. Қылышбековке арнайы алғыс хаттар тапсырылды.
Б. ЧОЙБАСОВ