«ЕЛ-ЕРТЕҢІ-БҮГІНГІ ЖАС ҰЛАНДАР!»
«Ел тірегі» -2019 әскери-патриоттық акциясы шеңберінде 2019 ж. қараша айындағы өткізілген іс-шара қарсаңында.
Еліміздің түкпір-түкпірінде күзгі әскер қатарына шақыру жүріп жатыр. Іле ауданының қорғаныс істері бөлімінің әскерге шақырылушы жастарын отанымыздың Қарулы Күштеріне салтанатты түрде шығарып салу іс-шарасы аудан орталығындағы саябақтағы «Үш ұрпақ» ескерткіш алаңында өткізілді.
Болашақ жауынгерлерді құттықтауға Іле ауданы әкімінің орынбасары-шақыру комиссиясының төрағасы А.Сатибаев, Ауған соғысының ардагерлері С.Баймолдинов, М.Дарибаев, М.Жанқылышұлы, Ө. Сағындықов, Е.Нұрдаулетов, Жұмылдыру бөлімше бастығы-бөлім бастығының орынбасары-капитан Н.Казахбаев ата-аналары өздерінің ыстық тілектерін айтып, әскер қатарына кетіп бара жатқан болашақ сарбаздарға ақ жол тіледі. Сонымен қатар шағын сыйлықтар сыйланды. Ал, №38 гимназия мектебінің және №13 М.Мақатаев атындағы орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімдері Е.Андосов, Е.Сайымбетовтың ұйымдастыруымен «Жас сарбаз» сынып оқушылары салтанатты шеру мен ән-шашулар көрсетілді. Дәл осындай шара Ащыбұлақ ауылының №36 орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі А.Какпаковтың ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларымен барлығы 60 оқушының қатысуымен және Іле ауданының ҚІБ-нен ҚК қызметкері Н.Мукажанованың ҚР ҰҚК шекара қызметінен өкілінің әскери қызметші ефрейтор Акберген Ж.Б. шақырылуымен «Ел-ертеңі-бүгінгі жас ұландар!» тақырыбында әскери-патриоттық тәрбие, Отанға деген сүйіспеншілік туралы патриоттық сабақ өткізілді. Сонымен қатар осындай шара Іле ауданы Отеген батыр кентінің № 24 лицей мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі және ҚК қызметкері Н.Мукажанованың ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушыларын Дом армия патриоттық мұражайын аралатып қайтты.
Н.КАЗАХБАЕВ, Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығының МУА.
Н.МУКАЖАНОВА, Іле ауданының ҚІБ-нің ҚК қызметкері