Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамСпорт

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТ КЛУБЫ Sagadat Batyr – QTT» спорт клубы

«Қазақта балапанды күзде санайды» деген қанатты сөз бар.  Жыл соңында аудан спортшылары ел алдында өз есептерін беріп, үздіктерін марапаттады. Осындай іс-шараның бірі Ащыбұлақ ауылдық округіндегі М. Түймебаев ауылында да өтті. Іс шараны ұйымдастырған – «Sagadat Batyr – QTT» спорт клубы.

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған спорт клубының жылдық есеп беру кешінде «Жыл үздігі – 2019» номинациясы бойынша жас ерекшеліктеріне қарай Таймас Салимов, Нариман Даулбаев, Самат Айтпанбет марапатталды.

– Биылғы жыл «Sagadat Batyr – QTT» клубы үшін сәтті жыл болды. Клубта жаттығып, түрлі деңгейлі сайыстарда жарқырап көрінген үш спортшы Қазақстанның джиу- джитсудан спорт шебері, 20-дан аса спортшы джиу- джитсудан спорт шеберіне үміткер атағына ие болды, – дейді клубтың жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаров.

«Sagadat Batyr – QTT» клубының спортшылары биылдың өзінде бірнеше халықаралық турнирлерге, әлем чемпионатына қатысып, толайым табыспен оралды. Сәуір айында Біріккен Араб әмірлігінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында «Sagadat Batyr» спорт клубының спортшылары 10 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен оралды. Сондай-ақ, Ресейдің астанасы Мәскеуде, Қырғызстан Республикасының Бішкек және Ош қаласында, Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте және еліміздің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен халықаралық турнирлерде осы клубтың 80-нен аса спортшысы жеңіс тұғырына көтеріліп, көк туымызды желбіретті.

«Sagadat Batyr» спорт клубы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалымен және Іле аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі-мен тізе қосып жасөспірімдер арасында үш турнир өткізді. Наурыз айында Сағадат Нұрмағамбетовтың 95 жылдығына орай Сағадат батыр турнирі, шілде айында Жастар жылына орай ашық турнир және қазан айында Өтеген батыр Өтеғұлұлының 320 жылдығына орай біріншіліктер өткізді.

Додаға еліміздің әр түрлі облыстары мен қалаларынан және көршілес ел Қырғызстан елінен де джиу-джитсу шеберлері қатысып, бақтарын сынады.

«Sagadat Batyr – QTT» клубының жүйелі жүргізген жұмысының нәтижесінде жеткен жетістіктерді саралаған кеште патриоттық әндер шырқалды. Джиу-джитсу және грепллинг күресінен ел намысын абыроймен қорғаған талапты жастарды сахна төрінде кештің құрметті қонақтар марапаттады. Іле аудандық мәслихат төрағасы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының президенті Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов, Джиу – джитсу қауымдастығының вице – президенті, Алматы облысы құрамасының бас бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұржан Кенжеұлы Елкеев, Аудандық ардагерлер алқасының төрағасы «Nur Otan» партиясы бюросының мүшесі Әмзе Исаев жас спортшыларға сәттілік тіледі.

 

Ақпарат http://sportpress.kz

алынды

Басқа жаңалықтар

Back to top button