Алматы облысы Іле ауданы әкімі Б.Қарасаевтың 11 ақпан 2020 жылғы шешімімен Рымжанов Бақтияр Талғатұлы аудандық «Іле таңы» қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы қызметіне тағайындалды.
Рымжанов Бақтияр Талғатұлы 1993 жылы ШҚО Үржар ауданында дүниеге келген. Алматы заң колледжін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012-2015 жж. «Оңтүстік Астана» ТРК» АҚ-да қызмет етіп бастаған. 2015-2016жж. «Шындығы сол» ток-шоуының редакторы, «Өмір-дастан» бағдарламасының жүргізушісі, «Тура жол» бағдарламасының редакторы, Жаңалықтар қызметінің тілшісі, 2016-2017жж. «Хабар» агенттігі АҚ, бағдарламалар өндірісі дирекциясының редакторы, 2017 жылы ҚР маслихаттарының құрметті депутаты, Алматы қаласы қоғамдық кеңесі мәдени саясат комиссиясы төрағасының баспасөз хатшысы, көмекшісі, 2017-2018 жылдары «Қарекет» әлеуметтік бағдарламасында редактор, 2019 жылдан «Жетісу Медиа» КММ, Аудандармен жұмыс бөлімінің маманы қызметімен қатар Алматы облысы Іле ауданы әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.