АУЫЗБІРЛІКТЕ БОЛАЙЫҚ!
Қордай ауданында жергілікті ауыл тұрғындары арасындағы тұрмыстық
жағдайдан туындаған қақтығыстың соңы қайғылы жағдайлармен аяқталғаны барша аналарымызды алаңдатуда.
Сондықтан да, бүгінгідей жағдайда аяқ астынан туындап жататынын алмағайып уақытта береке мен бірлік, татулық пен достық ауадай қажет.
Біз барлық ұлт өкілдерінің мәдениетін әдет-ғұрпын салт-дәстүрін құрметтей отырып, татулық пен ауызбіршілік те өмір сүрудеміз.
Аналар, жастарды сабырлық сақтауға шақырамыз!
«Ынтымақ болмай іс болмас» деген бабамыздан қалған сөз бар.
Ал, ынтымақтастық пен бірлікке апаратын жол халықтың өзара тату болуы.
Осы тұста Ата Түріктің «Үйде тыныш болса, сыртта да тыныш» деген сөзі бар.Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірліккеқол жеткізуге болады.
Оқиға кезінде қайтыс болғандардың туған-туыстарына барлықаналар атынан қайғырып көңіл айтамыз.
Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!
М. ЖАБИЕВА,
Іле ауданы аналар кеңесінің төрайымы