Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыЗнай нашихҚоғамНұрлы жолРухани Жаңғыру

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

«Көктем – 2020»

 

Ақпан айының аяғында, әлі ақ қармен көк мұздың құрсауында жатқан Іле ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша «Көктем — 2020» аудандық командалық –штабтық оқу жаттығуына дайындық барысы пысықталды.

Бүгін аудан әкімі Б. Қарасаевтың тікелей бақылауымен, Байсерке ауылдық округіне қарасты «Даму» логистикалық орталығының алаңында арнайы су тасқынына арналған техникалардың, медициналық жедел жәрдем, отқа қарсы топ пен  халықты апатты орындардан оқшаулаудың  бас жоспарымен танысты. Оған қар тазалайтын ауыр тракторлармен, 0,5 куб су сорғыш ассенизатор-мотопома және 14 техникамен төтенше жағдайлар бөлімшесінің  жеке құрамдағы  20 құтқарушымен  146 адамы жұмылдырылды. Жалпы шараны басы қасында аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы, азаматтық қорғаныс майоры Ғ.Бегалин жүрді.

Шарада айтып келмейтін апаттың алдын алу мен гидротехникалық құрылғылар және арық дренаж жүйесінің дайындық шаралары көрсетілді. Жауапты мамандар мен аудандық төтенше жағдай басшыларының сөзіне сенсек, аймақтағы жағдай қалыпты, бәрі қатаң бақылауға алынған.

Алдағы наурыз айының басталуы  аудан көлемінде су тасқынының қауіпті кезеңі болып саналады. Сол себепті қауіп-қатердің алдын алу және болдырмау мақсатында, мамандар қосымша техникалардың да дайын тұрғанын айтты.

Аудан басшысы күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қарасай ауданы мен Іле ауданының шекарасы түйісетін Жармұхамбет ауылы мен КазЦИК аулының арасындағы Жармұхамбет өзенінің арнасы кеңейтіліп, осы өзеннің жаңа жүйесіне жауапты «Іле су шар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарған жұмыстарымен танысты. Айта кетейік; Бұл арнайы КазЦИК ауылының тұрғындарының аудан әкіміне түсірген өтініші бойынша іске асырылып, көктемгі су тасқыны алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмысы. Өйткені осы уақытқа дейін көрші Қарасай ауданымен бір келісімге келе алмай, каналдағы су арнасынан тасып, жан – жағындағы қоныстанған тұрғындардың мазасын алатын. Биыл аудан әкімі Б.Қарасаев осы мәселені облыстағы жауапты мамандармен келісе отырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғандай етіп, өзеннің арнасын кеңітті. Енді шағын өзенге бұрындары 1,5 куб су сиятын болса, қазір 3 куб суға дейін сиятын болды. Жылда мәселе қаржыға тіреліп, оны шешу жолдары қиындап кетсе, биыл бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, өзен жағалауында тұратын тұрғындардың қауіпсіздігін сақтай отырып арнайы сеткамен қоршалатын болады.

Былтырғы жылмен салыстырғанда су 2 есе төмен түскен. Бірақ бұл уақытша құбылыс дейді «Іле су шар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ж. Бейсембаев. Күн жыли бастаса сонау Қарғалы өзенінен бастау алып, төменгі жактагы прудттарга құйылатын Жармұханбет өзені таси бастайды деп алаңдаушылығын білдірді. Биылғы жылы ондай төтенше жағдайларға өздеріңіз куә болып тұрғандай сақадай саймыз,- деп ағынан жарылды.

Одан кейін аудан әкімі КазЦИК ауылындағы 42 орта мектептегі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша халықты қамтамсыз ету жоспарына сәйкес оқшаулау лагеріндегі дайындық барысымен танысты. Онда арнайы 100 орындықты төсек орын, ыстық тамақпен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Аудан басшысы оқшаулау жұмыстарының негізгі мәселелерімен жай-күйін жауапты мамандармен аралап,  нақты тапсырма беріп, жағдайларын сұрап анықтады.

                                                                                                                                                                                                                                                   Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button