Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамРухани Жаңғыру

«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 10 КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 

 

 

 

«Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында «Anticor ortalyǵy» сервистік ғимаратының алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау туралы келісімге қол қою барысында 10 инвестор Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сенім білдірді.

Кәсіпкерлерге көрсетілген сенім мен өзара ынтымақтастығы үшін алғысын білдіре отырып, аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев шенеуніктер тарапынан қандай да бір заңсыз әрекеттермен немесе қысым жасалған жағдайда бизнесмендер өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кез келген уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласа алады деп атап өтті. Өз кезегінде, бизнестің әрбір өкілі үшін өз ісін адал және парасатты жүргізу норма болуы тиіс.

Бүгінгі таңда жоба аясында Ақмола өңірінің 39 кәсіпорны жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеден астам сомаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен қамтылған.

Кездесу барысында Зеренді ауданының «Жаксылык Агро», ЖШС, «Берекет 2050» ЖШС, Бурабай ауданының «Арман Тай СК», ЖШС, «Алтын күн-Qaz» ЖШС, Целиноград ауданының «Murtuk 2017» ЖШС, Степногорск қаласының «Biotron Group» ЖШС, «Astana Nan Chemicals» сияқты кәсіпорындар әкімшілік кедергілердің алдын алуға және қолайлы іскерлік климат құруға үмітін білдірді.

Сондай-ақ, Департамент әр түрлі мәселелер бойынша кәсіпкерлердің өтініштерін тұрақты негізде қарайды және құқықтық көмек көрсетеді. «Protecting Business and Investments» жобасын іске асыру сәтінен бастап 41 өтініш келіп түсті, оның 18 – і кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, 23 өтініш бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Динара Нұртаз

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button