Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚараой ауылдық округі
Алматы маңында қоқыс полигонындағы өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр
ҚазАқпарат — Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге 3 тонна су тасымалдайтын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Өрт түні бойы сөндірілді, қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 40 адам, 8 техника, Іле ауданы әкімшілігінен 26 адам, сондай-ақ 10 су тасушы техника, 3 бульдозер, 3 тиегіш, 5 самосвал жұмыс істеп жатыр.
Өрт алаңы — 3 гектар. Ал жалпы қоқыс тастайтын алаңның аумағы 38 гектарды құрайды.
«Өрт орнында үздіксіз су беріліп жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта жану ошақтарын қайта құнарландыру және топырақпен жабу шаралары жүргізілуде» делінген хабарламада.