Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратМерекелерЭнергетический ауылдық округі

ТӘРТІПТІ ТАЛАП ЕТПЕСЕК, ТАЛ ҚАРМАЙМЫЗ

23 маусым - Қазақстан полициясы күні!

Елімізде полиция саласына үлкен реформа керек екені бәрімізге мәлім. Соның ішінде полиция қызметкерінің ішкі тәртібі бүгінгі күні үлкен дау тудырып отырған мәселе. Қазір қоғам болып осы бір олқылықты жан-жақты талдап жатқан жайымыз бар. Осы туралы және аудандық Ішкі Істер Басқармасының ішкі тәртібі туралы Іле аудандық полиция басқармасы Кадр саясаты бөлімшесінің инспекторполиция капитаны Берікболова Алманұр Бекқалиқызымен әңгімелестік.

— Алманұр Беккқалиқызы, тәртіп сақшыларының тәртібін қадағалау қыз балаға ауыр емес пе?

— Қандай да бір қызметтің өз қиындықтары бар ғой. Мен осы салада 2017 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Тәртіпті бала кезден жақсы көремін. Адамның бойында парасат пен тәртіп болмаса, оның Абай атамыз айтқан «Толық адам» деңгейіне көтерілуі қиын. Тәртіпке өздері де бағына отырып, өзгенің де бағынуын талап ету, әрі адам құқығына қол сұқпай, қызметін асыра пайдаланбай, әр іске байыппен бара білсе ғана То-лық полиция қызметкері бола алады. Қазір заман ағымына сай жауапкершілік те, оған қойылатын талап та күшейіп келеді. Біздің басқарамада ішкі тәртіпке үлкен мән береді. Құқық конституцияда тәртіп ер мен әйелге бірдей қарайды.

— Қазір уақытта қоғамдағы даудың басы осы полиция саласындағы сақшылардың өздері тәртіп бұзып жатқанын естіп те, көріп те жүрміз. Осыған не себеп деп ойлайсыз?

— Ұлы дана Абай қазақ баласына ғана емес, жалпы адамзатта бес нәрсеге асық болуға шақырған. Ол «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой» — деген еді. Соңғы толқын жастарда, көбінесе осы бір қасиет табыла бермейді. Сонда кезде «Біз алдыңғы буын ағалардың дәстүрлі темірдей тәртібінен қол үзіп қалдық па?» — деген ой туады. Тек полиция қызметінде емес, барлық салада кадр дайындауда қатал тәртіп, қоғамда өзін-өзі ұстау әдебі сынды тәрбие біліммен қоса берілуі керек. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітетіні» сияқты, біздің ортамызда арагідік мінезі мен тәртібі бөлек азаматтар кездесіп жатады. Міне, осы кезде полиция атына да кір келіп жатады. «Бес саусақ бірдей емес». Сол сияқты, адамның бәрі бірдей емес қой. Дегенмен, біздің аудандық Ішкі Істер Басқармасында тәртіп сақшыларының тәртібі оңтайлы жолға қой- ылған. Біздің қызметкерлер арасында тәртіп бұзушылық әлі болған емес. Тәртіпті о баста талап етпегеннен тал
қармап жатырмыз.

— Ауданымызда халықтың сенімін ақтау, полиция қызметкерлерінің дәрежесін көтеруде қандай істер атқарылуда.

— Тағы да айтайын, тәртіпсіз біз еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Екіншіден, полиция деп жалпылай айтқанымен оның ішінде сала-салаға бөлінеміз. Халыққа сыртқы формамыз бірдей көрінгенмен әркімнің жеке өзінің атқаратын жұмысы тіптен бөлек. Сыртқы формасына қарап жабылған жала барлығымызға тиіп жатады. Осындайда «Мүмкін формамызды реформалауды қолға алатын кез келген шығар» — деген ойға бататын сәттер кездеседі. Дәл осындай шешілмеген түйіндер мен түйіткіліміз көбейіп барады. Ол – шындық. Жоғары жаққа түрлі тың идеялар мен ұсыныстарды ұсынып та жүрміз. Оны алдағы уақыт еншісіне қалдырайық. Ал, ауданымызда полция қызметкерлері таңның атысы, күннің батысы өзіне берілген аймақты жіті тексеріп, жұмыстарын абыроймен атқарып жатыр. Қамқорлық акцияларында міндетті түрде округтеріміздегі учаскелік полицияларымыз атсалысады. Ауданымыздағы қандай да бір қоғамдық жұмыстардың дені, біздің, полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз өтпейді.

— Әріптестеріңізге мереке қарсаңында қандай тілек айтасыз?

— Отбасыларына бақыт тілеймін! Жұмыста дәрежелері мен шендері өсе берсін! Отанымыздың біртұтастығы жасасын! Ынтымағымыз артып, тәртіпті, тәрбиелі салихалы ұрпағымыз көбейсін!

— Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен:
Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button