Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратДенсаулық

ӨЗДІГІНЕН ЕМДЕЛУДЕН САҚТАНЫҢЫЗДАР

Ауданымыздың орталық ауруханасының эпидемиологы Нұрсая Тұрарова Қазақстандық дәрігерлер мен Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында «жан айқайын» жариялап, ел тұрғындарына өздерін желі ақпараты арқылы емдеуді доғару, бір-біріне коронавирусты «емдеу хаттамаларын» таратпау туралы үндеуін қос қолдап құптап отыр.

Ол халықтың абыржуын жақсы түсінетінін, алайда дәрігер тағайындамаған сенімсіз дәрілерді қолдану мен желі арқылы тарап жатқан түрлі халық емін доғарғанымыз жөн екенін айтып өтті. Эпидемиологтың айтуынша, олардың барлығы шипа бола бермейді. Бірі дертіңді жазса, енді бірі адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, үй жағдайында ем алып жатқан науқастарды синтетикалық препараттарды дәрігердің нұсқаулығымен ғана қолдануға шақырады.

«Жалпы қазір елімізде пневмониялық ау- рулардан көз жұму алдыңғы орынға шықты.Ауданымыз бойынша орталық ауруханадағы 130 орындықты провиорлық орталықта 74 нақты коронавирус белгілері бар науқастар емделіп жатыр. Қазір өте сақ болған жөн. Бетперде мен медициналық қолғап киіп жүргендеріңіз абзал. Үй жағдайында короновирус жұқпасының бірінші кезеңінде, яғни, температурасы кө- терілген жағдайда, тамағы ауырып, қызарып, іш өтуі, кеуде тұсының ауырсыну пайда болғанда кезінде, Іле аудандық орталық ауруханасына немесе тұрғылықты жеріндегі амбулаториясының сүзгі бөліміне дереу хабарласуы керек. Сондай-ақ, дәрігерлер тарапынан қарқынды бақылау аса қажет», — дейді эпидемиолог дәрігер.

Нұрсая Тұрарова: «Әр науқас адам, ең алдымен, сабырға келіп, елдің айтқанын қолдана бермеуі керек. Себебі, әртүрлі дәріні себепсіз қолданғаннан ішкі ағзаларыңызға, оның ішінде бүйрек-бауырларыңызға зиянын тигізіп, бауырдың езілуіне әкеп соғуы неме- се цирроз болып бүрісіп қалуы мүмкін. Сондықтан, ең маңызды ағзалардың бірі бауы- рларыңыз бен бүйректеріңізді сақтау маңызды. Ол үшін тек қана дәрігердің көмегіне жүгініп, кеңесіне құлақ асқан жөн. Адамдар коронавирустың әсерінен ғана емес, жан сақтау үшін кез келген дәріні жөн-жосықсыз қолданғаннан да ауыр жағдайға тап болып отыр. Сабырлы болайық. Сабырлылық «COVID-19» дертінің алғашы емі деп біліңіздер» — дей келе, елге золабаң тудырған індетті қатты дүрлікпей, сабырмен жеңуге болатынын баса айтты.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button