Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒАЙЫҚ

Жетіген ауылы №3 орта мектебінде «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Әлеуметтік бағыттағы бастама бүкіл ел бойынша 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Акция шеңберінде көпбалалы, жетім және аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың мектепке баруына қолдау көрсетіледі. Жыл сайын Қазақстанда жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық республикалық шарасын өткізу дәстүрге айналған. Бұл шара биыл «Жақсылық жасауға асығайық!» атты айдармен өткізілуде. Шараның нақты мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, жетім, мүгедек, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға мектепке қажетті оқу құралдары, кеңсе тауарлармен көмек көрсету.

– Біз ата-аналарға баланы мектепке дайындауға жан-жақты көмек беруге тырысамыз. Демеушілер іздеуміз. Ауылымыздағы барлық дүкендерге сұраныс хаттар жібереміз. Биылғы 2020-2021 оқу жылында демеуші болып көмек көрсеткен, мектеп түлектері Жиенбаев Серік және Азатұлы Тахир. Жетіген ауылдық округінің «РСУ-1» ЖШС басшысы С. Дасаев мырза материалдық көмек көрсетті. Акция аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен мүгедек, жетім және үйден оқитын оқушыларға кеңсе тауарлары таратылды. Жалпы мектеп бойынша қазіргі таңда 158 оқушыға көмек көрсетілді. Көмек көрсету – әр азаматтың парызы. Қайырымдылық жасау – жақсы қасиет. Қамқорлық жасауға асығайық!

К. ЖИЕНБАЕВА, №3 орта мектептің әлеуметтік педагогы

Басқа жаңалықтар

Back to top button