ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ӨТКЕН ШАРАЛАР
Мектеп – мұхит айлағына тоқтаған кеме тәрізді. Сол кеменің ескегін есіп, қаншама ұстаз шәкіртке білім береді. Биылғы жылы пандемияға байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқитын болды. Мектебімізде 19 тамыз күні «Сапалы білім, саналы тәрбие беру – мектептің басты ұстанымы» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізіліп, мектеп директоры Салтанат Құрманәліқызы 2019-2020 оқу жылының жеткен жетістіктері мен кеткен олқылықтары туралы талдау, сараптау жасай келе қазіргі таңда жауапкершілік жүгінің ауыр боп тұрғанын айтып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Мектептің өзекті мәселесін, мақсат-міндетін айқындап, ата-аналарға баласына қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасау, оқу кестесі мен тапсырма орындауда бақылау жасау, балалардың денсаулығына зиян келетін ақпараттан қорғау, интернет желісіндегі кейбір сайттарға қол жеткізуін қадағалау сияқты бала қауіпсіздігі жайлы ескертпелер жасады. Келесі сөзді директордың ғылыми әдістеме жөніндегі орынбасары А. Хармысова алып: 2020-2021 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хатпен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығымен, Қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесі субъектілерінің міндеттерімен таныстырып өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ. Ерханаева Білім беру жүйесіндегі педагог, 5-9 сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастыру, мектепалды даярлық топтары мен сыныптары жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, пән мұғалімдерінің апталық жүктемесі, ӘБ жетекшілігі, сынып жетекшілерді және сынып бөлмелерін бекіту бұйрығы таныстырылды. Әдістемелік бірлестік жетекшілері өз жұмыстарының нәтижесін CWOT талдау арқылы көрсетіп, қауіпті кезеңмен күрес жүргізетіндіктерін жеткізді. Мектептің әлеуметтік педагогы Д.Сембаева «Мектепке жол» республикалық акция барысы, аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына көрсетіліп жатқан көмек туралы айтып өтті. 20 тамыз күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ата-аналар мен оқушыларға арналған қашықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында ата-аналармен жиналыс, оқушылармен сынып сағаттары өткізіліп, қашықтан білім берудің жолдары, жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, жаңа форматтағы оқыту процесі, интернет платформалармен таныстыру, білім алушыларды бағалау
жүйесі, баланың оқу режимі және демалысы, ата-анамен баланың қарым-қатынасы, интернетті қауіпсіз пайдалану үшін атаана бақылау ережесі түсіндірілді. Негізінен алғанда бізде ата-ана да оқушы да жаңа оқу жылына дайын екенін көрсетті.
А. ЖАБЕЛ,
№22 орта мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары