Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Кең болсаң – кем болмайсың

Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қайырымды адам қашанда тура жолда, адамгершілік қасиетте жүреді. Қазақ халқы жетімі мен жесірін жылатпаған, жандары жаралы, мүгедектерді  тайғақ жолдан құлатпаған кемеңгер, парасатты халық.  Қазақ сынды қайырымды, кең халықтың кез келгені  көмекке мұқтаж жандарға  қол ұшын тигізіп, көмек беруге дайын тұрған.  Жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың»,- деудің мәніне үңілсеңіз, адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзегенін байқайсыз.

Елімізде қайырымдылық шаралардың жиі өтетіндігі белгілі. Сол қайырымдылық шаралардың бірі де бірегейі жыл сайын Республикалық дейгейде өткізілетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы. Ағымдағы жылы көмеккке мұқтаж балаларды барынша қамту үшін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оның мақ-саты – аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау. Бұл қайырымдылық акциясы біздің мектебімізде де әлі де  өз жалғасын табуда. «Қайрымдылық жасасаң – қайырымын өзің көресің» деген халық даналығын берік ұстанған ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, мектеп мұғалімдері қайырымдылық акциясына белсенділік таныта ат-салысуда.  Акция барсында  мектеп  ұжымы тарапынан 85 оқушы оқу құралдарымен, демеуші тарапынан бір шәкірт  қамтамасыз етілді.

Сіздерді де «Мектепке жол» қайрымдылық акциясына қатысып, мол сауап жинауға шақырамын!

Өмір сүріп жатқан ортамызда рақымды, мейірімді, жан жылуы мол, көмек сұраушыларға қол ұшын созып, көмегін аямайтын қайырымды, жомар жандар көп болғай!

 

М.ЕСКЕРМЕС,

Ю.Гагарин атындағы

 №16 орта мектептің әлеуметтік педагогы

Басқа жаңалықтар

Back to top button