Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Мемлекеттік қызмет -тиімді  жол көрсетеді

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал, білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде  жеткен. Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов. Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағ-дырын шешуші азамат.

Өмірдің кез-келген заман ағымына орай жаңа өрімдер, тың ойлар соны бағдарламаларға ұласып, көрініс тауып жатады. Бұл – болашақ ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне де тікелей қатысты. Өйткені, бүлдіршіндер өсіп, жас жеткіншектер есейіп, бүгінгі балалардың ой-өрістеріне, қоғамның өзгеруіне, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына әсер етпей қоймайды. Ендеше, қазіргі таңдағы тың өзгерістердің бірі – мемлекеттік қызмет көрсету болып отыр. Мемлекеттік  қызмет көрсету  – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып  табылады. Қазақстан  Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев өзінің 2020 жыл 1 қыркүйектегі кезекті Жолдауында білім беру саласының  сапасы туралы арнайы 5  бөлімде тоқталып өтті. Бесінші  бөлім: қолжетімді әрі сапалы білім – деп аталып, еліміз үшін қазіргі  Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналармен байланысын жеңілдету  мақсатында (ЭЦП) E-ZHETYSU.KZ  порталы іске қосылған. Бұл ең бастысы ата-ана үшін балаларын балабақшаға кезекке  қою  мәселесін шешудің оңай  жолы екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі  таңда осы аталған портал барлық мемлекеттік  мекемелерде жүзеге  асырылуда. Бұл – жаңа заман талабына сай халыққа  қызмет көрсету дегенді білдіреді. Сол сияқты біздің балабақшада яғни, Алматы облысы, Іле  ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев  ауылында орналасқан  «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасында мемлекеттік қызмет  көрсету жұмыстары жүзеге асырылуда. Ол үшін жауапты маман белгіленген, келген ата-аналарды есепке алу журналдары дайындалған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, келген адам белгі беретін қоңырау жүйесі барлығы іске  қосылған. Аталған (ЭЦП) E-ZHETYSU.KZ  порталы балабақша қызметкерлері үшін өте ыңғайлы және Egov порталы арқылы жұмыста немесе үйде отырып, қажетті анықтамаларды  ЭЦП кілттің  көмегімен шығарып алуға болады. Бұл мемлекеттің  біртіндеп цифрлық жүйеге көшуінің бастамасы болмақ.

Қорыта  келе, қазіргі таңда  бала-бақша  қызметкерлері «Электронды үкімет» порталы, телеграмм мобильді  қосымшаларын кеңінен  қолданып жұмыс жасауда.

  Б. ЕЛАМАНОВА,

«Күншуақ» бөбекжай балабақшасының  меңгерушісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button