Мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«ЕлбасыН.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» — деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.
Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. Елбасының айқындап берген тапсырма, міндеттеріне сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуір күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды.
КазЦИК ауылындағы «Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебі» МКМ «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы 2018 жылдан бері жұмыс істеп тұр.Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ осы жерден қажетті анықтамаларды алуға толық мүмкіндік бар.Өзіне-өзіне қызмет көрсету бұрышы кезекте тұруға уақыты,үйде отырып анықтамаларды алуға мүмкіндігі жоқ азаматтар мен азаматшаларға арналған.Өйткені мұнда оңай,тиімді әрі жылдам.Ауыл азаматтары анықтама алуға үнемі осы мектебімізге жүгінеді.Бұл сектордан электронды цифрлы қолтаңбаны да (ЭЦП) оңай алуға болады.Мектебіміздің ұстаздары да біліктілік санаттарынан өту үшін өтінімдерін «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы арқылы жіберіп отыр.Сонымен қатар 1-сыныпқа балаларды қабылдау науқанында халыққа қызмет көрсету орындарына бармай-ақ мектебіміздің мамандарының көмегімен Egov.kz порталына тіркелді.1-сыныпқа 154бала қабылданды.Бүгінгі күнге дейін 230-дан астам азамат- азаматшаларға көмек көрсетілді. Соның ішінде денсаулықтарына байланысты ұзақ мерзімде үйде тегін оқитын 5 оқушының ата-ана өтінішімен қажетті құжаттарын қабылдап қызмет көрсеттік. Негізгі орта және жалпы білім беру туралы құжаттарды және олардың телнұсқаларын бердік. 2019-2020 оқу жылында мектебімізде 9-сыныпты 109 оқушы тәмамдап, оларға негізгі орта білім алғандығы жайлы куәлікжәне жалпы орта білім алғандығы туралы куәлікті 11- сыныптың 56 оқушысына табыстадық. Ағымдағы оқу жылына 10-сыныпқа 58 оқушы қабылданды.Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде алатын орны үлкен. Ауыл тұрғындарын халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей,мектебімізге келіп кез-келген анықтамаларыңызды алуға болатынын ескертеміз!
Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектептің ДОІЖО А.М.Чингисова