Ұстаздық- ұлы құрмет
Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық- ұлы құрмет Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» дегендей, ертеңгі ел тұтқасы болатын буынды тәрбиелеу міндеті бүгінгі ұстаздар қауымының мойнында.
Мектептің басты тұлғасы,жүрегі-мұғалім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып адамгершілік рухта бағыт –бағдар беру де ұстаздың еңбегі зор.
Олай болса қазіргі таңдағы мемлекеттік мекемелердің барлығындағы өзекті мәселелнің бірі-мемлекеттік қызмет көрсету болып отыр.Мемлекеттік қызмет көрсету еліміздің әлеуметтік –экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады.
«Өскелең ұрпаққа білім беретін оқу орындарында мемлекеттік қызмет бар ма?–деген сұраққа жауап іздеп көрейікші.
Мнеектепте көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің бұйрығына сәйкес төмендегідей.
- Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау.
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде және тегін оқуға ұйымдастыру.
- Негізгі орта (9-сынып) жалпы орта (11-сынып) білім беру туралы құжаттарда және оның түп нұсқаларын беру.
- Қазақста Республикасының білім туралы заңына сәйкес жергілікті әкімшіліктің қолдауы мен елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушылардан таяу жердегі мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізуді ұйымдастыру.
Мектептерімізде мемлектеттік қызмет түрлері жоғары деңгейді көрсетіліп келеді.
Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау мәселесі бойынша 2020-2021 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министірінің «Бастауыш негізі орта және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығының негізінде мектепішілік бұйрық шығарылып сол бұйрыққа сәйкес, кесте бойынша бірінші сыныпқа және мектеп алды даярлық тобына білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдайды. Мектептердегі құжаттарды қабылдау egov.kz порталында сол сияқты мүмкіндігі жоқ ата-аналардан карантитн талаптарын сақтай отырып қағаз түрінде жүзеге асырылып отырылады. Бастауыш негізгі орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруда атқарылады.
«Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасына сәйкес, халыққа меемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.
Мемлекеттік қызмет-дегеніміз-көрсетілген қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіп жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру болып табылады.
Коранавирус індетінің салдарынан еліміздегі мектептердің басым бөлігі қашықтан оқытып білім беруде. №№13, 14, 16, 17, 18, 15 орта мектептерде мұғалімдердің ата-аналардың халыққа қызмет көрсету орталығына бармай –ақ онлайн қызмет алуына жеңілдету мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы іске қосылған. Бұл карантин кезіндегі ата-аналар үшін балаларын мектепке қабылдау мәселесін шешу үшін оңай жол екендігін көрсетіп отыр. Мектепдерімізде білім беру мекемелері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері де қашықтан көрсетіліп жатыр. Бұл дегеніміз мектептеріміздің заман ағымынан кеш қалмай қоғам сұранысын қанағатандыра алатын білім ошақтары екендігінің бір дәлелі.
Мектептер№№15,13, 14, 16, 17, 18