Мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы — қазіргі заманғы мемлекеттік әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің инновациялық және тиімді стандарттары енгізу мемлекеттік шығындарды төмендетуге, жемқорлықты жоюға және азаматтар тарапынан үкіметке сенімді күшейтуге мүмкіндік береді.
Азаматтардың қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыратын мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жүйесі үш фоктормен: біріншіден, қызмет алудағы тәжірибенің болуы, қызмет алушының әлеуметтік белсенділігі, екіншіден, қызмет көрсетудің ұсынушы каналдары бойынша ақпараттық қолжетімділігі, үшіншіден қызметті ұсыну процесінің инфрақұрылымы сипатталады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар дамыған заманда электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді жарнамалаудың ең тиімді тәсілі — Интернет болып табылады. Электронды қызмет алуға сұранысты арттыру үшін электронды түрде қызмет көрсету туралы ақпарат құрамы мен мазмұны, қызмет алушыларды авторизациялау механизмі туралы бірыңғай мәліметтер базасын құру қажет.
Электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді жарнамалау үрдісін төмендегідей кезеңде қарастыруға болады.
Ақпараттандыру кезеңі мемлекеттік қызметтер мен функциялар туралы толық және өзекті ақпараттар мен пайдаланушыны қамтамасыз ету. Бұл кезеңде мемлекеттік органның ресми сайтына мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік функциялар, әкімшілік рәсімдер туралы ақпарат ұсынылады. Мемлекеттік органның ресми сайтында орналасқан ақпараттық жеке қолжетімділігі кезеңінде қызметті тұтынушының қолайлылығы қамтамасыз етілген.
Алматы облысы, Іле ауданы, №24 лицейде «Электрондық қызмет көрсету бұрыштары» іске қосылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының басты мақсаты қызмет алушыларға барынша жағдай жасау, қызмет беруші мен қызмет алушының арасындағы бетпе-бет қарым-қатынасты болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, халық арасында egov.kz электронды үкімет порталын танымал ету.
Каденова Багдагуль Кусайновна